Открыть меню Поиск
СМИ о нас
Официальный Интернет-ресурс

Акимат Отырарского района


ТҰҒЫРДАН ТҮЛЕП ҰШТЫ ЖАС ҚЫРАН

Биылғы ұлттық бірыңғай тестілеу нәтижесінде ауданымыздың білім саласы үлкен жетістікке қол жеткізіп, 90,4 пайызбен облыста алғашқы орынға шықты. Сондай-ақ, мектептегі қорытынды аттестаттаудың нәтижесі бойынша 49 оқушы «Алтын белгі» иегері атанды. Әрине мұның бәрі аудан ұстаздары мен шәкірттерінің үздіксіз ізденісі мен қажырлы еңбектерінің арқасы деп білеміз.
Бүгін аудан әкімі Ерлан Айтаханов 11 жылдық білімін саралап, үздік атанған оқу озаттарын арнайы қабылдап, кездесуде оқушылармен емен-жақын әңгімелесті.
Қабылдауда жас түлектерді құттықтаған аудан басшысы: «Бүгінде жастарымыздың сапалы білім алуына мемлекет тарапынан барынша қолайлы жағдай жасалынған. Ұлт Көшбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың салихалы саясатының арқасында балалық шақтан болашаққа қадам басқан жастар еліміздегі және шет елдердегі белді жоғары оқу орындарында білім алып, ғылыммен сусындауға мүмкіндік туып отыр.
Біз жыл сайын ауданымыздан түлеп шыққан үздіктерге мониторинг жасап, оларды «Алтын кадр» қорына тартуға жұмыс жасап отырамыз. Егемен елдің жалынды жастары ретінде білім нәрімен сусындап, алған білімдеріңізді туған жерлеріңіздің өсіп-өркендеуіне жұмсауларыңызға үлкен мүмкіндік бар. Сондықтан осы мүмкіндікті пайдаланып өз мамандықтарының үздіктері болуды қалайтын жандарды туған жерге қызмет етуге шақырамын. Еліміздің кемел келешегі үшін Сіздердің болашаққа басқан қадамдарыңызға сенім арта отырып, алдағы істеріңізге сәттілік тілеймін», - деп жылы лебізін білдірді.
Талай сыннан сүрінбей өткен түлектерге аудан басшысы қалыптасқан дәстүр бойынша туған жердің тарихын танып, білу, рухани танымын арттыру мақсатында сауал жолдады. Тосыннан қойылған сұрақтарға мүдірмей жауап берген Отырар жалпы орта мектебінің түлегі Айдана Тұрдалы аудан әкімінің арнайы сыйлығын жеңіп алды.
Өз кезегінде «Алтын белгі» иегерлері түлектермен бетпе-бет жүздесіп, ашық әңгімелескен аудан басшысына алғыс сезімін білдіріп, ел сенімін ақтап, үлкен өмірде қоғам үшін аянбай еңбек ететіндерін жеткізді. Білім бәсекесінде ауданымыздың атын асқақтатқан түлектерге аудан әкімі арнайы сый-сияпаттар жасады.

© 2017

Официальный Интернет-ресурс

Акимат Отырарского района