Қазақстан-2050 | Президент сайты | Үкімет сайты | Парламент сайты | Түркістан облысы әкімдігі сайты
Қазақша Русский

АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТТЫҢ КЕЗЕКТІ СЕССИЯСЫ ӨТТІ

Бүгін алтыншы шақырылған аудандық мәслихаттың кезекті жиырма жетінші сессиясы өтті. Сессияның күн тәртібінде бірнеше мәселе қаралды.
Бүгінгі жаңалықтардың бірі сессияда Ескі Шілік, Жаңа Шілік, Ақтөбе елді мекендерінің газдандыру жұмыстарына қаржы қаралып отыр. Жыл басында ауданымыздағы игі істердің басталуы халық тарапынан оң бағасын алып, биылғы жылды газдандыру жылы деп атаған болатын. Бүгінде ауданымызда халқы ең тығыз орналасқан Шәуілдір және Темір ауыл округтерін газдандыру жұмыстары кестеге сәйкес жүріп жатыр. Мұнан бөлек Ш.Қалдаяқов елді мекенін газдандыру жұмыстарына қаржы қаралып, құрылыс жұмыстары жақын күндері басталғалы тұр.
Сондай-ақ сессияда аудандық орталық аурухананың бас дәрігері Ж.Жұрұмбаева, аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы А.Құдайбергенов пен аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Э.Бейсеновалардың атқарылған жұмыстары жөнінде есептері тыңдалды.
Сессияға арнайы қатысқан аудан әкімі Ерлан Айтаханов халық қалаулыларын Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен Орта Азия халықтарының рухани орталығы болған төрт қақпалы Түркістанның облыс орталығы болуымен құттықтап, алдағы жұмыстарына сәттілік тіледі.

Back to Top