Қазақстан-2050 | Президент сайты | Үкімет сайты | Парламент сайты | Түркістан облысы әкімдігі сайты
Қазақша Русский

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІ БОЛУ ҮЛКЕН ЖАУАПКЕРШІЛІК

Бүгін ауданымызда 23-маусым "Мемлекеттік қызметшілер күні" және мемлекеттік қызмет органдарының 20 жылдығы салтанатты жағдайда аталып өтілді.
Мерекелік шара барысында «Үздік мемлекеттік қызметші-2018» байқауы ұйымдастырылып, байқау жеңімпазы анықталды. Байқаудың негізгі мақсаты Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында айтылған міндеттерді жүзеге асыру, Елордамыз «Астана қаласының 20 жылдығын» насихаттау, ҚР тұңғыш Президенті Н.Назарбаевтың сарабдал саясатымен қабылданған мемлекеттік бағдарламаларды дәйекті түрде жүзеге асыру, мемлекеттік кадрдың сапасын жақсарту, заман талабына сай әмбебап мамандарды жарыққа шығару болып табылады.
Салтанатты жиынға арнайы қатысқан аудан әкімі Ерлан Айтаханов ауданымыздың әлеуметтік-экономикалық дамуына сүбелі үлес қосып жүрген бірқатар мемлекеттік қызметкерлерді мерекелерімен құттықтады.
Аудан әкімі өз сөзінде: «Бүгінгі күні мемлекеттік қызметшілерге үлкен міндеттер жүктеліп отыр. Мемлекеттік қызметшінің жұмысы терең білімділік пен іскерлікті ғана емес, үлкен жауапкершілікті талап етеді. Сондықтан, адам құндылығына қызмет ету қашанда мерейлі екенін ойласақ, өз тағдырын сеніп тапсырып, Сіздердің кәсіби шеберліктеріңіз бен біліктіліктеріңізге сенім артқан жандардың көңілінен шығу қашанда қиын. Қазіргі жаһанданудың өрелі биігіне қол созған кезде тәуелсіз елімізді өркендету жолында еселі еңбек етіп жатқандарыңызға шынайы ризашылығымды білдіргім келеді»-деп алдағы жұмыстарына сәттілік тіледі.
Мұнан соң аудан басшысы қазылар құрамының шешімімен «Үздік мемлекеттік қызметші-2018» байқауының жеңімпаздарын марапаттап, арнайы бағалы сыйлықтар табыстады.
Сондай-ақ салтанатты жиында бір топ мемлекеттік қызметшілер лауазымдық міндеттерін үлгілі орындағаны және мінсіз мемлекеттік қызметі мен жұмыстағы басқа да жетістіктері үшін облыс әкімінің грамотасымен және алғыс хатымен, сонымен қатар облыстық кәсіподақ комитетінің төсбелгілері мен аудан әкімінің алғыс хатымен марапатталды.
Салтанатты шара одан әрі мерекелік концерттік бағдарламаға ұласып, шараға қатысушылар көтеріңкі көңіл-күймен тарқасты.

Back to Top