Қазақстан-2050 | Президент сайты | Үкімет сайты | Парламент сайты | Түркістан облысы әкімдігі сайты
Қазақша Русский

ҮЛГІ ЕТУГЕ ТҰРАРЛЫҚ...

Бүгін аудан әкімі Ерлан Айтаханов ұзақ жылдар ауданның әлеуетін көтеру жолында әр түрлі салада мінсіз қызмет еткен, зейнеткерлікке абыроймен шыққан, құрметті демалыста жүрсе де әлі де қатардан қалмаған бұрынғы бірнеше мемлекеттік қызметте істеген аға – апаларымызды 23 – маусым мемлекеттік қызметшілер күні мерекесімен құттықтау үшін шаңырақтарына арнайы ат басын бұрды.
Еңбек кітапшасында үш – ақ мекеменің мөрі түскен, соңғы жиырма алты жыл тапжылмай бір орында қызмет істеген Бекболат Киізбаевтың, отыз үш жыл табан аудармай есепші болып жұмыс істеген Сәуле Нұсқабаева мен қаржы және салық саласының ардагері Баянғали Төлімбетовтердің отбасы мүшелері құттықтауға келген аудан басшысын жайдары жүзбен қарсы алды.
Ардагерлерге арнайы әкелген сый – сияпатын тапсыру сәтінде аудан әкімі: - Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен құттықтай отырып, дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық, құт-береке тілеймін! Өз елі, халқы құрметтеген, үлгі етуге тұрарлық Сіздердей мемлекеттік қызметшілері бар елдің ертеңі айқын, болшағы жарқын, келешегі кемел болады деп сенемін! – деді.
Мерекеде өздерін ескеріп келген Ерлан Қуанышұлына ардагерлер алғыстарын айтып, ризашылығын жеткізіп жатты.

Back to Top