Қазақстан-2050 | Президент сайты | Үкімет сайты | Парламент сайты | Түркістан облысы әкімдігі сайты
Қазақша Русский

АҚПАРАТТЫ ҚАЗАҚСТАН КОМПЬЮТЕРЛІК САУАТТЫЛЫҚТЫ АРТТЫРУ КУРСЫ БАСТАЛДЫ

Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 8 қаңтардағы № 464 Жарлығының № 148 тармағына сәйкес халықтың,оның ішінде жұмыссыздардың және ішінара жұмыс істейтін жастардың,сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі адамдардың және сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі адамдардың және басқа да халықтың әлеуметтік қорғалмаған топтарының компьютерлік сауаттылығы бойынша негізгі дағдыларын жоғарлату курстарын өткізу бойынша 1-15 маусым аралығында арнайы курстар өткізіледі.
Осыған орай бүгін ауданымызда аудан әкімі аппараты, ақпаратты қауіпсіздік және мемлекеттік қызмет көрсету бөлімінің ұйымдастыруымен «Ақпаратты Қазақстан-2020» мемлекеттік бағдарламасы мен ақпараттық қауіпсіздік талаптары бойынша халықтың компьютерлік сауаттылығын арттыру курсы басталды. Жиында аудан әкімі аппараты ақпараттық қауіпсіздік және мемлекеттік қызмет көрсету бөлімінің бас инспекторы Қайрат Тұрғынбаев ақпараттық қауіпсіздік талаптарын орындау, интернет порталын пайдаланудың маңызы зор екендігін айта келе курсқа қатысушыларға сәттілік тіледі.
Басқосу сөз алған Ұлттық ақпараттық техналогиялар АҚ-ның өкілі, халыққа қызмет көрсету орталығы мен "Қазпочта" АҚ-ның өкілдері слайд арқылы электронды қызмет түрлерін түсіндіріп, сауаттылықты арттыру курсы төрт бағыт бойынша өтетіндігіне тоқталды. Бірінші – негізгі ұғымдар, екінші – «Ашық Үкімет», үшінші –электронды қызмет ету ( e-qov) және төртінші- электронды сауда. Осыған орай алдағы уақытта электронды құжат айналымы мен электронды қызмет алу түрлеріне басымдық берілетіндігін алға тартты. Алдағы уақытта компютерлік сауаттылықты арттыру курсы барлық ауыл округтерінде жалғасын табатын болады.
Райхан ДОДАБАЕВА. "Отырар алқабы" газетi.

Back to Top