Қазақстан-2050 | Президент сайты | Үкімет сайты | Парламент сайты | Түркістан облысы әкімдігі сайты
Қазақша Русский

АЛАҢДА МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІҢ ОТБАСЫ

Бүгін ауданымызда Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қызмет істері органдарының 20 жылдығына орай ауданымыз бойынша мемлекеттік қызметшілердің отбасылары арасында «Әкем, анам және мен» ұранымен отбасылық спартакиада өтті. Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдауын, «Қазақстан-2050 стратегиясы» мен «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласын жүзеге асыру арқылы халықты салауатты өмір салтына баулу, аудан көлемінде мемлекеттік қызметшілер арасында дене шынықтыру мен бұқаралық спортты дамыту, кеңінен насихаттау мақсатында өткен отбасылық спартакиада үстел тенисі, асық ату, дойбы, арқан тарту және ләңгі тебу секілді бес спорт түрінен өтті.
Шарада сөз алған аудан әкімі Ерлан Айтаханов Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев өз Жолдауында «Қазақстан халқының кемінде 30 пайызы бұқаралық спортпен шұғылдану қажеттігін ерекше атап өткен болатын». Сондықтан мемлекеттік қызметкерлер салауатты өмір салтын ұстанып, еліміздегі бұқаралық спортты дамытуға өз үлестерін қосуы тиіс екендігін жеткізді.
Тартысты өткен мемлекеттік қызметкерлердің отбасылары арасында өткен сайыста Адасқановтар жанұясы жүлделі 3-орынға ие болса, жүлделі 2-орынға Романқұловтар отбасы ие болды. Ал, спартакиаданың бас жүлдесі спортттың барлық түрінен үздік нәтиже көрсеткен Ташовтар отбасына бұйырды.
Түрлі аталымдар бойынша жүлдегер командаларға Алғыс хаттар мен дипломдар, естелік медальдар және арнайы кубок пен заттай бағалы сыйлықтар табыстады.

Back to Top