Қазақстан-2050 | Президент сайты | Үкімет сайты | Парламент сайты | Түркістан облысы әкімдігі сайты
Қазақша Русский

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АРНАЙЫ МОНИТОРИНГТІК ТОП МҮШЕЛЕРІ АУДАНЫМЫЗДА БОЛДЫ

Қазақстан Республикасы 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының іске асыруына сыртқы талдау және бағалау жөніндегі Республикалық арнайы мониторингтік топ мүшелері кеше облысымызға жұмыс сапарымен келіп, аймақтық мониторингтік топ мүшелерімен кездесіп, мемлекеттік қызметшілердің этикасының деңгейін арттыру мәселелері бойынша пікір алмасып, дөңгелек үстел өткізген болатын.
Бүгін осы жиынға қатысқан Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, азаматтық қоғам және үкіметтік емес ұйымдарды сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске жұмылдыру мақсатында құрылған топ мүшелері Отырар ауданында болды.
Аталған топ мүшелерін ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы Агенттіктің жұртшылықпен байланыс жөніндегі департаментінің директоры Арман Бердалин, ОҚО бойынша департамент басшысы Әли Көмекбаев, белгілі этно дизайнер Ырза Тұрсынзада бастап келді.
Қонақтарды күтіп алған аудан әкімі Ерлан Айтаханов Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласындағы міндеттерге сәйкес әзірленген ауданның туристік кластерін дамыту жоспарымен таныстырып өтті. Мұнан соң ақындар ордасының жас айтыскер ақыны Даурен Ақсақаловтың өнерін тамашалады.
Ауданның тыныс тіршілігіне, мәдениеті мен өнеріне қанық болған қонақтар, аудан халқының қонақжайлығына ризашылығын айтып, алғыстарын білдірді.

Back to Top