Қазақстан-2050 | Президент сайты | Үкімет сайты | Парламент сайты | Түркістан облысы әкімдігі сайты
Қазақша Русский

ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚҚА ЖОЛ ЖОҚ!

ОҚО әкімі Жансейіт Түймебаев өңір зиялыларымен кездесуінде «Зорлық-зомбылықсыз – Оңтүстік» акциясын бастауды ұсынған болатын. Онда өңір басшысы акция аясында барша аудан, қала әкімдіктеріне зорлық-зомбылықтың, қылмыс пен құқықбұзушылықтың алдын-алу бойынша кешенді жұмыстарды ұйымдастыруды тапсырған еді.

Бүгін ОҚО әкімі бастамасымен жарияланған «Зорлық-зомбылықсыз - Оңтүстік» акциясы киелі Отырар ауданында жалғасын тапты. Аталған шараға отырарлық 500 оқушы және ауыл ардагерлері, ата-аналар мен БАҚ өкілдері қатысты.

Облыстық білім басқармасы бекіткен кестеге сәйкес ұйымдастырылған акция екі кезең бойынша өтті. Акцияға қатысушылар бірінші кезеңде аудан орталығындағы жастар сарайының фойесіндегі оқушылардың қолөнер бұйымдарымен танысып, одан әрі би, ән, күй, драма және көркем сөз үйірмелеріне қатысушы оқушылардың өнерлерін тамашалады. Мұнан соң іс-шараның екінші кезеңі Жамбыл атындағы мектеп-лицейінде жалғасып, онда ерікті үйірме мүшелері арасында «Зорлық-зомбылыққа жол жоқ!» ұранымен «Асфальтқа сурет салу», «Арқан тарту», «Тоғызқұмалақ», «Шахмат», «Шашкі» сайыстары ұйымдастырылды. Сондай-ақ, мектептің кіре беріс фойесінде көркемсурет үйірмесіне қатысушылардың туындылары мен қолөнер шеберлерінің бұйымдары қойылған көрме ұйымдастырылса, мектептің спорт залында волейбол, баскетбол, футбол ойындары өткізілді. Шара барысында Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласындағы саналы азамат базалық бағытының «Ұлы өнертапқышқа алғашқы қадам» кіші жобасында көрсетілген іс-шараларға сәйкес мектептердегі робототехника кабинеттіндегі оқушылардың құрастырған роботтары таныстырылып, оның құрастыру құрылымдары түсіндірілді.

Сонымен қатар, шарада «Ұл мен қыз отбасы құндылығының негізі» тақырыбында ата-аналар жиналысы өткізіліп, онда педагогтар мен ата-аналарды толғандырып жүрген баланың бос уақытын қызықты, пайдалы әрі мазмұнды өткізу міндеті кеңінен талқыланды.

Back to Top