Қазақстан-2050 | Президент сайты | Үкімет сайты | Парламент сайты | Түркістан облысы әкімдігі сайты
Қазақша Русский

ЖАЛПЫХАЛЫҚТЫҚ СЕНБІЛІК ӨТТІ

Бүгін ауданымызда жалпыхалықтық сенбілік шарасы өтіп, барлық ауыл округтері, мекемелер мен ұйымдарды қамтыды.

Сенбілікте жол бойындағы көшелерді тазарту жұмыстары жүргізілді. Аулаларды тазарту жұмыстарында аудандық денешынықтыру және спорт бөлімі, мемлекеттік кірістер басқармасы мен «Балдырған-1» балабақшасы, Ш.Қалдаяқов атындағы лицей-гимназиясының ұжымдары белсенділік танытты.

Шуақты күн нұры күш пен серпін беріп, көктемгі науқанды бір кісідей жұмылып, атқарған отырарлықтар сенбілікте саябақтарға ағаш көшеттерін егумен қатар, ескі талдардың түбін әктеп, қоршауларды реттеп, ауылдың ажарына сән қосты.

Басқа да ауыл округтерінде ұйымдастырылған сенбілікке ауыл тұрғындары белсене атсалысты.

Ауданымызда ағымдағы жылы бүгінге дейін 79 гектар аумаққа 73 685 түп ағаш көшеттері отырғызылып, экологиялық ақуалды оңалтатын іс-шара 13 ауыл округінде де жүзеге асуда.

Back to Top