Қазақстан-2050 | Президент сайты | Үкімет сайты | Парламент сайты | Түркістан облысы әкімдігі сайты
Қазақша Русский

АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТТЫҢ СЕССИЯСЫ ӨТТІ

Бүгін аудандық мәслихаттың кезектен тыс жиырма бесінші сессиясы өтіп, күн тәртібіне ауданымыздағы ауылдық округтердің 2018-2020 жылдарға арналған бюджеті туралы шешіміне өзгерістер енгізу және басқа да мәселелер қаралды.
Күн тәртібіндегі мәселе бойынша Талапты, Қарғалы ауыл округтерінің әкімдері өз құзыреті шеңберінде жүктелген міндеттердің жүзеге асырылу барысын баяндаса, аудандық мәслихат хатшысы Мырзахан Манаповтың 2017 жылы атқарған жұмыстарына тоқталды.
Сонымен қатар, аудан әкімінің орынбасары Әбдіғали Жүнісов аудан әкімдігінің бірқатар қаулыларын таныстырып, түсіндіріп өтсе, қозғаған ұсыныс пікірлеріне байланысты аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Эльмира Бейсенова депутаттар сауалдарына жауап берді.
Көтерілген мәселелерге қаныққан аудандық мәслихат депуттары күн тәртібінде ұсынылып, пысықталған мәселелерді бірауыздан қолдап, дауыс берді.

Back to Top