Қазақстан-2050 | Президент сайты | Үкімет сайты | Парламент сайты | Түркістан облысы әкімдігі сайты
Қазақша Русский

КЕЗЕКТІ АППАРАТ МӘЖІЛІСІ

Бүгін аудан әкімі Ерлан Айтахановтың төрағалығымен кезекті аппарат мәжілісі өтті. Мәжілісте көктемгі көшет отырғызу, тазалық, абаттандыру, газдандыру жұмыстары және наурыз мерекесіне дайындық мәселелері жан-жақты сөз болды.
Жиында сөз алған аудан әкімінің орынбасары Әбдіғали Жүнісов ағымдағы жылдың көктем айларында ауданымыз бойынша 85 мың көшет отырғызу жоспарланғанын және меже толық аяқталатындығын сөз етті.
Ал, газ құбырын жүргізу үшін Темірде 20, ал, Шәуілдірде 16 шақырым қазылып, құрылыс жұмыстары жоспар бойынша жүріп жатқандығын айтты. Қазіргі таңда газ жүргізуге 9 елдімекеннің ЖСҚ-на мемлекеттік сараптама қортындысы алынып, бюджетке ұсынылса, тағы 8 елдімекеннің ЖСҚ-сы мемлекеттік сараптамадан өтуде.
Ұлық мерекелеріміздің бірі әз Наурызды жоғары деңгейде атап өту үшін дайындық жұмыстары қызу жүріп жатқандығын атап өткен аудан әкімінің орынбасары Пердехан Жаппарқұлов жеті бөлімнен тұратын бағдарлама жобасы аясында түрлі спорттық, мәдени шаралар дайындалып жатқандығын айтып, жиынға қатысушыларды мерекелік шараның жоғары деңгейде өтуіне атсалысуға шақырды.
Жиынды қорытындылаған аудан басшысы Ерлан Қуанышұлы көктемгі абаттандыру, көгалдандыру, тазалық жұмыстарын ширатуды, әсіресе ең өзекті деген газ мәселесіне сергек қарап, үнемі бақылауда ұстауды сала басшыларына жүктеді.
Мәжіліс соңында аудан басшысы өзінің идеология жөніндегі орынбасары П.Жаппарқұловты аудан активі атынан туған күнімен құттықтаса, асқаралы 60 жасқа толған агроөнеркәсіп қызметкерлері аудандық кәсіподақ ұйымының төрағасы Байбатша Тастанбековке құрмет көрсетіп, иығына зерлі шапан жапты.

Back to Top