Қазақстан-2050 | Президент сайты | Үкімет сайты | Парламент сайты | Түркістан облысы әкімдігі сайты
Қазақша Русский

АУЫЛ АЖАРЛЫ БОЛСЫН ДЕСЕК...

Бүгін шығыс халықтарының ұлық мерекесі әз-наурыз мерекесі қарсаңында ауданымызда қоршаған ортаның тазалығын сақтау, көріктендіру, көгалдандыру және абаттандыру мақсатында аудандық сенбілік өтті. Аталмыш шараға ауданымыздағы барлық мекеме, ұжым қызметкерлері бір кісідей ат салысты.
Сенбілікке 30-дан аса техникалар жұмылдырылып, көшелер мен саябақтар, арық-атыздар тазаланып, көшеттер мен талдар әктелді. 20 мыңға жуық түрлі ағаш көшеттері егіліп, саябақтар мен мекемелердің қоршаулары сырланды. Жыл мезгілінің көрікті кезеңдерінің бірі көктем айлары екені даусыз. Табиғаттың осы көрікті мезгілімен бірге ауылдың да ажарлы болуы заңдылық. Осыны терең түсінген аудан тұрғындары барлық ауыл округтерінде сенбілікті қарқынды жүргізді.
Көпшілікті тазалыққа, табиғатқа деген жанашырлыққа үндеген шараға тек мемлекеттік, бюджеттік сала қызметкерлері ғана емес ауылда тұратын жеке тұрғындар мен кәсіпкерлер де өз үлестерін қосып азаматтық таныта білді.
«Ауылына қарап азаматын таны» демекші ауылдың ажарлы, көрікті болуы сол ауылда тұратын тұрғындардың ішкі мәдениетін де көрсететіндігін ұмытпайық ағайын!

Back to Top