Қазақстан-2050 | Президент сайты | Үкімет сайты | Парламент сайты | Түркістан облысы әкімдігі сайты
Қазақша Русский

ДІН МЕН ДӘСТҮР САБАҚТАСТЫҒЫ

Бүгін Ө.Жәнібеков атындағы №4 лицей–интернатында «Қазақстан рухани жаңғыру жолында: Дарындылықтың қайнар көзі- мектеп» атты мектеп оқушыларының ғылыми-практикалық конференциясы өтті.
Аталмыш шараға аудан әкімі Ерлан Айтаханов арнайы қатысып білім ордасындағы қолөнер шеберлерінің бұйымдары мен түрлі пәндер бойынша дайындаған ғылыми жобаларымен танысты. Мұнан соң аудан басшысы Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың «Төрт
Бүгін ауданымызда құрылған «Ақылдастар алқасының» кеңейтілген мәжілісінде Отырар ауданы бойынша ұлттық салт-дәстүрлер мен діни рәсімдердің сабақтастығын бірізділікке бағыттау мәселесі қаралды.
«Ақылдастар алқасы» мүшелері, ауыл округ әкімдері мен имамдар, ардагерлер кеңесінің төрағалары, зиялы қауым, ҮЕҰ, жастар өкілдері қатысқан жиында Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша өкілдігі-облыстың бас мешіті жанынан құрылған «Ақылдастар алқасы» кеңейтілген мәжілісінің ОҚО халқына арнаған Үндеуі талқыланды.
Жиынға арнайы қатысқан облыстық дін басқармасының басшысы Самат Сапарбаев, ҚМДБ ОҚО бойынша бас имамы Бақтыбай қажы Қыдырбайұлы, бас имамның орынбасары Мұсабек Ақтамберді, мемлекет және қоғам қайраткері, облыстық «Ақылдастар алқасының» мүшесі Шалатай Мырзахметовтер тақырыпқа сай баяндама жасап, қаралы үйде ысырапшылыққа жол бермеу мәселелері, дін мен дәстүрдің арасына жік салып жүрген кейбір топтардың әрекеттеріне қарсы тұру жайы, өз отандастарының, бауырларының арасында алауыздық тудыру арқылы ортаға теріс әсер қалыптастырып жүргендердің қоғамға қауіп төндіріп келе жатқаны әңгіме арқауына айналды.
Жарыссөзге шыққан Мырзахмет Темірбеков, Әселхан Қалыбекова және Күлзейнет Әлмешовалар ұлттық сана мен салт-дәстүріміз жайлы ойлары мен ұсыныстарын жеткізсе, ауданымыздың бас имамы Серік Биімбетов «Ақылдастар алқасы» отырысының қарарын оқыды.
Жиынды қорытындылаған аудан әкімі Ерлан Айтаханов Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласындағы «Прагматизм – өзіңнің ұлттық және жеке байлығыңды нақты білу, оны үнемді пайдаланып, соған сәйкес болашағыңды жоспарлай алу, ысырапшылдық пен астамшылыққа, даңғойлық пен кердеңдікке жол бермеу деген сөз. Қазіргі қоғамда шынайы мәдениеттің белгісі – орынсыз сән-салтанат емес» деп, барша қазақстандықтарды ұстамдылық, қанағатшылдық пен қарапайымдылық, үнемшілдік пен орынды пайдалануға шақырғандығын жеткізді. Сонымен қатар, «Дін мен дәстүр үндескенде дін дамиды, дәстүр байиды, ал ұлт діннің рухын сезініп, құндылық ретінде қабылдайды» деген аудан басшысы отырарлықтарды көтерілген мәселелерге қолдау білдіруге шақырды.
інші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауында айтылған «Цифлық Қазақстан» кешенді бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында мектеп оқушыларының құрастырған роботтық техникаларының жұмыс жасау барысын көріп, 3D форматындағы принтер құрылғысынан басылып шығарылған бұйымдарды тамашалады.
Конференция барысында жас ғалым Әділхан Мұхтарәлінің егін егу мен астық жинаудың оңтайлы, тиімді әдіс–тәсілі «автоматтандырылған ақылды жылыжай» және де Дүйсенбай Мерейдің «GPS терекер» құрылғылары көпшілік көңілінен шықты.
Жас ғалымдардың зерттеу жұмыстарына ризашылығын білдірген аудан әкімі: «Сіздердің араларыңыздан туған жердің тарихын зерттейтін және тәуелсіз еліміздің роботтехникасын дамытатын талай шәкірттер шығатынына кәміл сенемін» - деп лицей-интернет ауласында автоматтандырылған ақылды жылыжай құрылғысын орнату жөнінде ұсынысын да жеткізді.

Back to Top