Қазақша Русский

АУДАН ӘКІМІ ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУ ӨТКІЗДІ

Бүгін аудан әкімі Ерлан Айтаханов бекітілген кестеге сәйкес тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдап, ұсыныс-пікірлерін тыңдады.
Жеке қабылдауға келген азаматтар кәсіпкерлікті дамыту үшін жер учаскесін беру, білім беру ісін жетілдіру мәселелері бойынша өз ұсыныстарын білдірді.
Қабылдауға келген азаматтардың сауалдарына заң талаптары аясында жауап берген аудан басшысы қыз-келіншектерге гүл-шоқтарын ұсынып, шуақты көктем мерекесі - 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтады.

Back to Top