Қазақстан-2050 | Президент сайты | Үкімет сайты | Парламент сайты | Түркістан облысы әкімдігі сайты
Қазақша Русский

АУДАН ӘКІМІ АУДАН ТҰРҒЫНДАРЫНА ЕСЕП БЕРДІ

Аудандағы 12 ауыл округін аралап, есеп беру жиынын өткізген аудан әкімі Ерлан Айтаханов бүгін аудан тұрғындарының алдында қорытынды есебін берді. Жиынға облыс әкімінің орынбасары Ербол Садыр арнайы қатысты.
Кездесуге келген көпшілік 2017 жылы ауданда атқарылған жемісті жұмыстарды арнайы дайындалған бейнесюжеттен көріп, қанықты. Бейнесюжеттен соң аудан әкімі Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың 2018 жылы халыққа арнаған «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» Жолдауына тоқталып, ондағы негізгі 10 бағытты жан-жақты сөз етті. Көреген саясаткер ретінде болашақты болжай білетін Елбасымыз келешек ұрпақтың қамы үшін осындай қадам жасағанын, еліміздің дамуын жеделдететін, жаңғырудың жаңа қадамдарына бастайтын Жолдауын отырарлықтардың да қызу қуаттайтындығын жеткізді.
Мұнан соң аудан басшысы отырарлықтар тағатсыздана күтіп жүрген газдандыру мәселесіне кеңінен тоқталды. 2018 жылы барша отырарлықтар үшін газдандыру мәселесі өз шешімін тауып, ағымдағы жылы Шәуілдір, Темір ауылдарының тұрғындарын көгілдір отынмен қамту үшін құрылыс жұмыстары бастауын алмақ. Сондай-ақ, аудан орталығындағы Арыс өзенінің жағасын абаттандыру және көгалдандыру жұмыстары аяқталса, Шәуілдір ауылындағы коммуналдық тұрғын үй мен спорт кешенінің құрылыс жұмыстары жүргізіліп, ел игілігіне берілмек.
Сонымен қатар аудан әкімі ағымдағы жылы Шәуілдір ауыл округіндегі жаңа мөлтекауданның инфрақұрылымы мен 12 пәтерлік көпқабатты қызметтік тұрғын үйлердің құрылыс жұмыстарына қаржы қаралатындығын атап өтті.
Жалпы 2018 жылы атқарылатын жұмыстарымен танысқан тұрғындар аудан басшысына суармалы жер, көпқабатты тұрғын үй және басқа да әлеуметтік мәселелер бойынша көкейдегі сауалдарын жолдады. Әр қойылған сауалдарға жеке-жеке тоқталып, жауап берген Ерлан Қуанышұлы көтерілген мәселелер өз бақылауында болатынын жеткізді.
Жиында көпшілік атынан сөз алған Әселхан Қалыбекова, Мәрия Белгібай, Мырзахмет Темірбеков, Кеңес Жұмашовтар аудан әкімінің атқарған жұмыстарын «өте жақсы» деп бағалап, ақ баталарын берді.
Жиын қорытындысында облыс әкімінің орынбасары Ербол Садыр сөз алып, аудан әкімнің жұмысын оң бағалаған аудан халқына ризашылығын білдіріп, Ерлан Қуанышұлының жұмысына сенім білдірді.

Back to Top