Қазақша Русский

НАСИХАТТЫҚ ТОП АУЫЛ ОКРУГТЕРІН АРАЛАДЫ

Бүгін ауданымызға ат басын бұрған облыстық насихаттық топ мүшелері түс ауа Шілік ауыл округінде болып, ауыл тұрғындарымен кездесті.
Топ жетекшісінің орынбасары, ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Серік Тұрбеков бастаған облыстық құрылыс басқармасы басшысының орынбасары Тоқтар Үсібалиев, Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институтының Қазақстан тарихы және қоғамдық пәндер кафедрасының оқытушысы Қайрат Бимендер Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауын жан-жақты түсіндіріп өтті.
«Қазақстан – 2050» Стратегиясы мен «100 нақты қадам» ұлт жоспарының заңды жалғасы ретінде бізді «Мәңгілік Ел» идеясы жолында бір арнаға тоғыстырған биылғы Жолдау халықтың әл-ауқатын одан әрі арттыруға, өңірлердің тыныс-тіршілігін жақсартуға бағытталған. Жиында маңызды құжаттағы міндеттерді атап өткен топ мүшелері дәстүрлі Жолдаудан туындаған міндеттерді жүзеге асыру үшін «бір жағадан – бас, бір жеңнен – қол шығаруға үндеді.
Насихаттық топ мүшелерімен кездесуде ауыл тұрғындары Нұржамал Алпысбаева, Шайман Биімбетовтер ауыл тұрғындары да еліміздің халқымен бірге осы аталған стратегиямен жұмыс істеуге құлшына кіріседі деген сенімін білдіріп, Елбасы Жолдауына қолдау білдіріп, «Мәңгілік Ел» жолында аянбай еңбек етуге шақырды.

Back to Top