Қазақша Русский

АУДАН ӘКІМІ ШІЛІКТЕ ЕСЕП БЕРДІ

Ауданымыздың бас қақпасы саналатын Шілік ауыл округінің тұрғындарымен жүздескен аудан әкімі Ерлан Айтаханов атқарған жұмыстары туралы есебін беріп, алда тұрған міндеттермен таныстырды.
2017 жылы түрлі жиындарда ауыл тұрғындары өзекті мәселе ретінде көтеріп жүрген маңызды шаруалардың бірқатары өз шешімін тапты. Нақтырақ айтқанда, Шілік ауыл округінде үш көше асфальтталды. Жалпы бүгінде елдімекендегі ауыз су мен жол мәселелері шешімін тауып, жаңа саябақтар мен аяқжолдар салынып, жарық шамдар қойылуы ауылдың ажарын арттырып тұр.
Биыл да бұл жұмыстар жалғасын тауып, ауыл округіндегі Ескі мектеп көшесі мен Иманжүсіп көшесін орташа жөндеуден өтсе, Ескі Шілік елді мекенін абаттандыру жұмыстары қызу қолға алынбақ. Сондай-ақ, Жаңа Шілік ауылындағы жабық спорт алаңы құрылысының ЖСҚ-на қаржы қаралса, «Қосарық» каналы және «Терекарық» каналдарын ағымдағы жөндеуге ЖСҚ әзірлеу үшін ұсыныстар жолданған. Ауыл округінде атқарылатын жұмыстарға тоқталған аудан басшысы тұрғындар тарапынан қойылған сауалдарға жауап берді.
Көпшілік аудан басшысының өткен жылы атқарған жұмыстарына өте жақсы деген бағаларын беріп, алдағы атқарар істеріне сәттілік тіледі.

Back to Top