Қазақстан-2050 | Президент сайты | Үкімет сайты | Парламент сайты | Түркістан облысы әкімдігі сайты
Қазақша Русский

АУДАН ӘКІМІ МАЯҚҰМДА ЕСЕП БЕРДІ

Бүгін түске таяу аудан әкімі өзінің халық алдындағы есеп беру жиынын Маяқұм ауыл округінде жалғастырды.
Аудан әкімінің өткен жылы атқарған жұмыстарының жергілікті баспасөзден және кездесу барысында арнайы дайындалған бейнесюжеттен қаныққан ауыл тұрғындарына аудан басшысы Ерлан Айтаханов алдағы 2018 жылы ауданымызда және Маяқұм ауыл округінде атқарылатын ауқымды істер жөнінде баян етті.
Ағымдағы жылы Маяқұм ауыл округіне қарасты «Қостерек» елді мекенінің тұрғындары көптен күткен ауыз су мәселесі өз шешімін тауып, Маяқұм елді мекеніндегі Қ.Қуатбеков, А.Белгібаев көшелерін орташа жөндеуден өткізу үшін қаржы қаралмақ. Сонымен қатар, «Бозарық» каналына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін облыстық бюджеттен қаржы сұралса, «Маяқұм» каналынын бас тоспасының құжаттары мемлекеттік сараптама орталығына жолданды.
Жиын барысында сөз алған ауыл қариялары мен зиялы қауым өкілдері өткен жыл да маяқұмдықтар үшін ерекше табысты жыл болғандығын айтып, алдағы жалдары да ауқымды жұмыстар атқарылатынына сенім білдірді.
Ауыл тұрғындары аудан әкіміне жақсы деген баға беріп, алдағы жұмыстарына табыс тіледі.

Back to Top