Открыть меню Поиск
СМИ о нас
Официальный Интернет-ресурс

Акимат Отырарского района

ЕЛБАСЫ ЖОЛДАУЫ – ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕРГЕ ЖЕТЕЛЕЙДІ

Бүгін ауданымызда ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауын талқылау мақсатында аудан активімен идеологиялық кеңес өткізілді.

Аудан әкімі Ерлан Айтаханов жиында Елбасымыздың биылғы Жолдауында көрсетілген еліміздің жетістіктеріне тоқталып өтті. Атап айтқанда еліміз 2017 жылы БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшесі болып, ағымдағы жылдың қаңтар айында оған төрағалық етуде. Жыл қорытындысы бойынша ішкі жалпы өнімнің өсуі 4 процент, ал өнеркәсіптік өнімнің өсуі 7 проценттен асқан. Бұл орайда, өнеркәсіптің жалпы көлемінде өңдеуші сектордың үлесі 40 проценттен асып, кедейшілік 13 есе қысқарған.

Сонымен қатар, Тәуелсіз Қазақстанның озық дамыған отыз елдің қатарына кіруін мақсат еткен Ұлт Көшбасшысы дәстүрлі Жолдауында 10 міндеттерді жүктеген болатын.

Электронды үкімет порталы арқылы мемлекеттік қызметтер алу туралы аудандық Халыққа қызмет көрсету орталығының басшысы Есенғали Бөлебай баяндама жасап, «Цифрлы Қазақстан» кешенді бағдарламасы аясында үкімет порталын тиімді пайдаланудың маңыздылығын атап өтті. Сондай-ақ, жиында көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді үйде алудың үлгілері туралы арнайы ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі, ОҚО бойынша департаменті тарапынан дайындалған әдістемелік бейнеролик ұсынылды.

Жиынды қорытындылаған аудан басшысы бүгінгі таңда заман ағымына сай әрбір тұрғынның көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің 32 түрі бойынша Халыққа қызмет көрсету орталықтарына бармай-ақ, өз үйінде отырып алуына мүмкіндіктері жоғары екендігін жеткізді. Сонымен қатар, баламалы негізде көрсетілетін мемлекеттік қызметтер «бір терезе» қағидаты бойынша жүргізілуі қажеттілігін айтып, аталған мәселелер бойынша тұрғындарға кеңінен насихаттауды және тиісті жұмыстардың жүйелі түрде жүргізілуін ауыл округі әкімдері мен сала басшыларына жүктеді.

© 2017

Официальный Интернет-ресурс

Акимат Отырарского района