Открыть меню Поиск
СМИ о нас
Официальный Интернет-ресурс

Акимат Отырарского района

АУДАН ӘКІМІ ӨНЕРЛІ ЖАСТАРДЫ ҚАБЫЛДАДЫ

Бүгін аудан әкімі Ерлан Айтаханов бір топ өнерлі жастарды қабылдады.
Қабылдауда жастар арасындағы ақындар айтысының дарабозы Дәурен Ақсақалов, белгілі режисер Серік Таласов пен жас ақын Әскербек Оразбайұлы жеке шығармашылықтарындағы жаңалықтарымен бөлісіп, ұсыныс-пікірлерін жеткізді.
Жалынды жастардың ойын тыңдаған аудан басшысы бойында ерекше таланты бар, идеалды жастарды әрдайым қолдауға дайын екенін айтты.
-Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың кеше ғана «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауында «Ұлттың әлеуетін арттыру үшін мәдениетіміз бен идеологиямызды одан әрі дамытуымыз керек. «Рухани жаңғырудың» мән-маңызы да нақ осында»-деп еліміздің мәдениеті мен әдебиетін көтерудің маңызы зор екенін ерекше атап өтті. Біз қашанда өз елінің тарихын, мәдениетін, тілін, әдебиетін білетін білімді жастарға қолдау көрсетуге дайынбыз,- деді Ерлан Қуанышұлы.

© 2017

Официальный Интернет-ресурс

Акимат Отырарского района