Открыть меню Поиск
СМИ о нас
Официальный Интернет-ресурс

Акимат Отырарского района

МӘЖІЛІС ДЕПУТАТЫ ЖҰМЫС САПАРЫМЕН КЕЛДІ

Бүгін ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты, «Нұр Отан» партиясы фракциясының мүшесі Байділлә Жылқышиев ауданымызға арнайы жұмыс сапарымен келді.
Депутат алдымен Темір ауылындағы балабақшаның құрылыс жұмыстарымен танысты. Мемлекеттік «Балапан» бағдарламасы аясында салынған ғимаратта 140 бала тәрбиеленеді.
Мұнан соң, Мәжіліс депутаты аудан тұрғындарымен кездесу өткізді. Кездесуде тұрғындарға Парламентте қабылданған заңдар мен мемлекеттік деңгейде атқарылып жатқан жұмыстарды баяндады. Халық қалаулысы Мемлекет басшысының Қазақстан халқына арнаған Жолдаулары мен «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында айтылған міндеттерге тоқталып, тұрғындар тарапынан қойылған сауалдарға жауап берді.
Жиын барысында аудандық ардагерлер кеңесінің хатшысы Сатыбалды Жаңабай пен аудандық қоғамдық кеңесінің төрағасы Мырзахмет Темірбеков ауданымыздағы туристік маңызы бар Арыстанбаб кесенесі мен «Отырартөбеге» барар жолдарды жөндеу жұмыстары мен ауылдарды газдандыру мәселелері бойынша сауалдарын жолдады.
Халықтың ұсыныс-пікірлерін тыңдап, өзекті ойларымен бөліскен Байділлә Жылқышиев аталған мәселелерді тиісті орындарға жеткізіп, шешілуіне ықпал ететінін айтты.
Кездесуді қорытындылаған аудан әкімінің орынбасары Пердехан Жаппарқұлов Мәжіліс депутатына аудан тұрғындары атынан алғысын жеткізіп, жұмысына сәттілік тіледі.

© 2017

Официальный Интернет-ресурс

Акимат Отырарского района