Открыть меню Поиск
СМИ о нас
Официальный Интернет-ресурс

Акимат Отырарского района

АУДАН ӘКІМІ ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУ ӨТКІЗДІ

Бүгін аудан әкімі Ерлан Айтаханов тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдады. Жеке қабылдауда азаматтар жұмысқа орналасу, әлеуметтік мәселелер және жүргізілген құрылыс нысандарының сапасы жөнінде өз өтініштерін айтты.
Аудан басшысы азаматтардың мұң-мұқтажын, өтініштерін мұқият тыңдап, жұмыс және әлеуметтік көмек сұраған азаматтарға мемлекеттік бағдарламалар аясында нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасының 2-ші бағыты бойынша шағын несие алып, кәсібін ашу және 3-ші бағыттар бойынша қайта даярлау курсы арқылы қоғамдық жұмыстарға орналастыруға мүмкіндік мол екендігін түсіндірді. Ал, жүргізілген құрылыстардың сапасына байланысты арнайы комиссия құрып, нақты себептерін анықтауды және мәселелердің оң шешілуіне жұмыс атқаруды тиісті мекеме басшыларына тапсырды.
Аудан әкімі аталған мәселелердің барлығы аудан әкімі аппаратының тұрақты бақылауында болатындығын атап өтті.

© 2017

Официальный Интернет-ресурс

Акимат Отырарского района