Открыть меню Поиск
СМИ о нас
Официальный Интернет-ресурс

Акимат Отырарского района


МӘЖІЛІС ДЕПУТАТЫ АУДАНЫМЫЗДА БОЛДЫ

Бүгін ҚР Парламент мәжілісінің депутаты Берік Оспанов жұмыс бабымен ауданымызға ат басын бұрып, ауданның маңызды мәселелерімен танысты.
Алдымен «Нұр Отан» партиясы Отырар аудандық филиалында қоғамдық қабылдау өткізді. Қоғамдық қабылдауда Әбутәліп Асанов, Тәңірберген Жұмабеков, Алтын Қожанова, Клара Аманбаевалардың жеке мәселелерін тыңдап, көтерілген мәселелер өзінің жеке назарында болатындығын жеткізді. Сондай-ақ, Берік Серікұлы «Нұр Отан» партиясы қатарына жаңадан қабылданған Сәбит Үркінбаев пен Мақсат Бақытұлына партия куәлігін табыстады.
Мұнан соң мәжіліс депутаты Шәуілдір ауылындағы Арыс өзенінің жағалауынан бастауын алған құрылыс нысанын аралап, атқарылып жатқан жұмыстар мен алдағы уақытта жүзеге асырылатын жобалармен танысты.
Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың дәстүрлі Жолдаулары, «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы мен мемлекеттік бағдарламалар аясында аудан көлемінде атқарылған жұмыстарға көңілі толатындығын айтқан халық қалаулысы өзінің оң бағасын берді.

© 2017

Официальный Интернет-ресурс

Акимат Отырарского района