Открыть меню Поиск
СМИ о нас
Официальный Интернет-ресурс

Акимат Отырарского района


ТЕМІР АУЫЛЫНДА ЖАҢА ЖЫЛДЫҚ ОТШАШУ БОЛДЫ

Аудан орталығы мен ауыл округтерінде жаңа жылдық мерекелік шаралар бастауын алды. Осындай шаралардың бірі аудан әкімі Ерлан Айтахановтың қатысуымен Темір ауылының орталық алаңында өтті.

Темір ауылының тұрғындары мен қонақтарын мерекемен құттықтаған аудан басшысы тарих беттерінде бедерленетін жылдың жетістіктеріне тоқталып, биылғы жылы темірлік ағайындардан барша аудан тұрғындары үлгі алуға болатындығын жеткізді. Себебі, ауыл азаматтары Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында көтерілген міндеттер мен мақсаттарға қолдау білдіріп, ел мен жердің гүлденуіне атсалысқан. Сонымен қатар, жыл сайын «Он жылдықтар тоғысында» акциясы аясында 10, 20, 30 жыл бұрын мектеп бітірген түлектер түрлі бағыттағы игі шаралар мен жаңа жылдық мереке ұйымдастыруды дәстүрге айналдырды.

Дәстүрге айналып келе жатқан «Онжылдықтар тоғысында» акциясы темірліктерден қолдау тауып, мерекелік шарада ауылдың 10, 20 жылдық мектеп түлектерінің ұйымдастыруымен жаңа жылдық отшашуды аудан әкімі көпшілікпен бірге тамашалады.

Темір ауылының тұрғындары мен қонақтарына тамаша көңіл-күй сыйлаған шара өнер жұлдыздарының концерттік бағдарламасына ұласты.

© 2017

Официальный Интернет-ресурс

Акимат Отырарского района