Открыть меню Поиск
СМИ о нас
Официальный Интернет-ресурс

Акимат Отырарского района


АУДАН БАСШЫСЫ ОТЫРАРЛЫҚТАРДЫ ҚҰТТЫҚТАДЫ

Аудан әкімі Ерлан Айтаханов орталық алаңда отырарлықтар мен аудан қонақтарын босағамыздан аттаған жаңа 2018 жылмен құттықтады.

Аудан басшысы өз құттықтауында «Үкілеген үміттерімізді берік сеніммен ұштастырып, жыл басында алға қойған жоспарларымыз бен міндеттерімізді бағамдаған болатынбыз. Ескі жыл ауданымыз үшін де, Тәуелсіз Қазақ елі үшін де бірлік пен берекенің, жаңа жетістіктер мен мүмкіндіктердің жылы болды деп айтуымызға болады. Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың сындарлы саясатымен еліміз эволюциялық жолмен үшінші жаңғыруды қолға алды. Дамудың даңғыл жолында ұлттық құндылықтарымызды қайта жаңғыртып, биік белестерге қол жеткізу үшін қияларға көз тігіп отырмыз» деп атап өтіп, отырарлықтардың жыл жетістіктеріне тоқталды.

Сондай-ақ, аудан басшысы орталық алаңға жиналған көпшілікке бірлік-береке, шаттық пен мерекелік көңіл-күй тілеп, жаңа жылдық отшашуды бірге тамашалады.

Мерекелік отшашу мәдениет саласы өнерпаздарының мерекелік бағдарламасымен жалғасын тауып, көпшіліктің көңілінен шықты.

© 2017

Официальный Интернет-ресурс

Акимат Отырарского района