Открыть меню Поиск
СМИ о нас
Официальный Интернет-ресурс

Акимат Отырарского района


МЕРЕКЕЛІК ЖӘРМЕҢКЕ ТҰРҒЫНДАРҒА ҚУАНЫШ СЫЙЛАДЫ

Жаңа жыл мерекесі қарсаңында сұранысы жоғары өнімдер бағасының көтеріліп кетпеуі үшін ауданымызда кеше және бүгін мерекелік жәрмеңкелер ұйымдастырылды.

Аудан тұрғындарына жаңа жылдық мерекелік дастарханға қойылатын азық-түліктермен ауылшаруашылық өнімдерін базар бағасынан төмен бағада сатылып, тұтынушылардың көңілінен шықты.

Жәрмеңкені тұрғындармен бірге аудан әкімі Ерлан Айтаханов та аралап, тұрғындар мен кәсіпкерлерді жаңа жыл мерекесімен құттықтады.

Мерекелік жәрмеңкеде тұтынушылар үшін арнайы концерттік бағдарлама ұсынылды. Мерекелік шарада Аяз ата мен Ақшақар келушілерге жаңа-жылдық сый-сияпаттар үлестіріп, тұрғындарға тамаша көңіл-күй сыйлады.

© 2017

Официальный Интернет-ресурс

Акимат Отырарского района