Қазақстан-2050 | Президент сайты | Үкімет сайты | Парламент сайты | Түркістан облысы әкімдігі сайты
Қазақша Русский

ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСТІҢ КЕЗЕКТІ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Бүгін аудандық Қоғамдық кеңестің кезекті отырысы болып өтіп, күн тәртібінде 4 мәселе қаралды.

Жиында алғаш болып аудандық жергілікті полиция қызметінің, бастығы Медет Бөрібековтың 2017 жылдың 12 айында атқарған жұмыстарының есебі тыңдалды. Құқық қорғау саласы басшысының айтуынша есепті мерзімде атқарылған жұмыстар нәтижесінде өткен жылмен салыстырғанда құқық бұзушылық оның ішінде, жол-көлік оқиғасы, ұсақ қылмыс, ұрлық т.б қылмыстар біршама төмендеген.

Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Қалзира Кизбай күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша 2017 жылы атқарған жұмыстарына тоқталды. Қалзира Қанафияқызы әлеуметтік қолдауға арналған жылдық жоспарға сәйкес толығымен орындалғандығын айтып өтті.

Сондай-ақ, халықтың әлжуаз топтарының өтініштері аудан әкімдігі жанындағы Мұқтаж азаматтардың жекелеген топтарына әлеуметтік көмек көрсету туралы комиссиясында қаралып, жергілікті өкілетті органдардың шешімімен мұқтаж азаматтардың жекелеген топтарына әлеуметтік көмек бағдарламасы аясында қаржылай әлеуметтік көмек көрсетілген. Жүйелі түрде жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде өткен жылғы есепті мерзіммен салыстырғанда жұмыссыздық деңгейі де едәуір төмендеген. Мұнан соң аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы Мұрат Есінбек күн тәртібіндегі үшінші мәселе бойынша баяндап, Шәуілдір ауылының бас жоспарына сәйкес аудан әкімімен келісілген бірыңғай типтегі тұрғын үйлер жобасын таныстырды. Жоба облыстық сәулет және қала құрылысы басқармасының ұсынысы негізінде дайындалғандығын мәлімдеген бөлім басшысы 2017 жылы үш қабатты 24 пәтерлік коммуналдық тұрғын үйдің жобалық сметалық құжаттамасы әзірленіп, 2018 жылға құрылыс жұмыстарын жүргізуді жоспарлап отырғандығын жеткізді.

Осыдан біршама уақыт бұрын аудан әкімдігінің ұйымдастыруымен ауданымыздан шыққан Кеңес Одағының батырлары Сейтқасым Әшіров пен Темірбек Ибрагимовтердің және Ұлы Отан соғысына қатысушыларының аты-жөні жазылатын мемориалдық ескерткішті салу жөнінде конкурс жарияланған болатын. Аталған конкурсқа ұсынылған жобалар күн тәртібіндегі төртінші мәселе ретінде қаралып, қатысушылар өздерінің жобаларын ұсынып, таныстырып өтті.

Кеңес отырысына қатысқан аудан әкімі Ерлан Айтаханов алғашқы үш мәселе бойынша пікірін білдіріп, тоқталып өтті. Көтерілген мәселелер аудан тұрғындары үшін маңызды екендігін айтып, кеңес мүшелерін қолдауға шақырды.

Күн тәртібіндегі мәселелермен егжей-тегжей танысқан кеңес мүшелері ұсыныстарын білдіріп, өздерінің оң бағасын берді.

Back to Top