Қазақстан-2050 | Президент сайты | Үкімет сайты | Парламент сайты | Түркістан облысы әкімдігі сайты
Қазақша Русский

СПОРТ ДЕГЕН БІР СИҚЫР

Елімізде мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен ұлттық спорт түрлерін дамытуға ерекше назар аударылып келеді. Халқымыздың қазақ күресі, асық ату, тоғызқұмалақ, көкпар, қыз қуу, жамбы ату, аударыспақ және т.б. спорт түрлеріне деген қызығушылық күннен күнге артуда. Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласындағы «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында төл спорт түрлерін дамыту көзделген.

Осы мақсатта бүгін аудан әкімдігінің ұйымдастыруымен тоғызқұмалақтан тұңғыш әлем чемпионы, Қазақстан Республикасының халықаралық кластағы спорт шебері, ел спортының дамуына үлес қосып жүрген Әсел Дәлиевамен кездесу өтті.

Елімізде қолға алынған «100 жаңа есім» жобасына енген қазақтың ұлттық зияткерлік спортының қазіргі жарық жұлдызымен кездесуге аудан әкімінің орынбасары Пердехан Жаппарқұлов қатысты. Даңқты спортшыны ауданымызға ат басын бұруымен құттықтаған аудан әкімінің орынбасары сиқырлы спорт түрінің қыр-сырын үйреткені үшін аудан әкімінің ыстық ықыласын жеткізіп, арнайы сый-сияпатын ұсынды. Кездесу соңында Әсел Дәлиева биік белестерге ұмтылған отырарлық жеткіншектер үшін әкелген сыйлықтарын табыстап, тоғызқұмалақтан әлем чемпионы, шәкірті Лина Каримовамен бірге шеберлік сабағын өткізіп, тәжірибесімен бөлісті.

Back to Top