Қазақстан-2050 | Президент сайты | Үкімет сайты | Парламент сайты | Түркістан облысы әкімдігі сайты
Қазақша Русский

ЕЛ ТӘУЕЛСІЗДІГІНЕ ОТЫРАРЛЫҚТАРДЫҢ ТАРТУЫ

Бабалар аманатын арқалаған Қазақ елі кезекті Тәуелсіздік мерекесін араға жыл салып қайта атап өтпек. Білектің күші, найзаның ұшымен қол жеткізген егемендіктің мерейлі мерекесі бүгін отырарлқтар үшін ерекше тартуларымен келді.
4 медициналық емдеу мекемесінің, 9 ветеринарлық пункт, 1 көпір, 1 ауылға кіреберіс арка 4 кәсіпкерлік нысандардың салтанатты түрде лентасы қиылып, мереке қарсаңында өз жұмысын бастады.
Нақтырақ тоқталар болсақ, Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында көтерілген «Туған жер» бағдарламасындағы ұсынысына үн қосқан Балтакөл ауылының кәсіпкерлері Рысбек Жомартбек, Жұмабек Құрманбектер өз қаражаты есебінен ауыл іргесіне арка тұрғызып, туған жердің ажарына сән қосты. Мұнан бөлек, балтакөлдік кәсіпкерлер Серғазы Батырбек, Сабыржан Досжановтардың тары өңдеу цехтары іске қосылып, Тәуелсіздік күні қарсаңында өз жұмысын бастады. Аталған цех біріншіден, ауылдағы 10 отбасыны жұмыспен қамтыса, екіншіден тары мен талқаннан отырардың брендін қалыптастырмақ. Өңдеу цехтарында тәулігіне 2-2,5 тонна тары мен талқа дайындалмақ.
Еліміздің Тәуелсіздігі күніне орай Қостерек, Қарғалы, Ақтам, Қоғам ауылдарында фельдшерлік-акушерлік тіректердің ашылуы ауыл тұрғындарының көңілін бір серпілтіп, қуанышқа бөледі.
Естеріңізде болса, Ерлан Қуанышұлы Айтаханов аудан әкімі болып, тізгін ұстаған тұста ауыл округтерін аралап, күрделі мәселелермен танысып шыққан. Сол сәтте ауыл тұрғындары аталған елдімекеннің тұрғындары ауылдық фельдшерлік-акушерлік тіректің ғимараты заманауи талапқа сәйкес жаңартылса деген өтініш-тілектерін жеткізген.
Өйткені, қай қоғам қай кезде де болмасын халықтың арасында қолдау мен қорғауға мұқтаж адамдар болады. Ауыл тұрғындарының тең жартысы — әйел мен балалар. Бұған дейін дәрігерге көрініп, олардың қадағалауында болуы үшін аудан орталығына сабылатын тұрғындар енді мұндай азаптан арылды. Бүгін ауыл тұрғындарына есігін айқара ашып отырған емдеу мекемесінің жаңа ғимараты халық денсаулығын нығайту жолында аянбай еңбек етпек.
Осыдан 4-5 жыл бұрын облыстық маңызы бар КХ-24 автожолының бойындағы көпір ауыр салмаққа шыдас бермей жарамсыз күйге түскен. Жергілікті атқарушы органның ұйымдастыруымен көпір маңынан уақытша айналма жол салынып, кәдеге жарап келген.
Жергілікті әкімдіктің ұйымдастыруымен аталмыш көпір қайта қалпына келтіріліп, бүгін алғашқы көліктер Түркістан бағытына ат басын бұрды.
Отырар ауданындағы игі істердің жалғасы ретінде 9 ветеринарлық пункт іске қосылды. Ветеринарлық клиника, мүйізді ірі қараларды қолдан ұрықтандыру бекетімен қамтылған пункттер мал басын асылдандыру, диагностикалау, елдімекен тұрғындарының мал жануарларының аса жұқпалы ауруларының алдын-алу бағытындағы профилактикалық жұмыстарды жүргізумен ерекшеленеді.
Тәуелсіздік күніне орай Отырар ауыл округі, Арыс ауылында іске қосылған ветериналық пунктті аудан әкімі Ерлан Айтаханов аралап, жұмыс барысымен танысып шықты.
Жиында Ерлан Қуанышұлы аудан халқының негізгі тіршілік көзі ауылшаруашылығы, оның ішінде мал шаруашылығы екендігін айтып, осы салада еңбек етіп жүрген кәсіби мамандардың алдағы уақытта үлкен жетістіктерге қол жеткізетіндіктеріне сенім білдірді.

Back to Top