Қазақстан-2050 | Президент сайты | Үкімет сайты | Парламент сайты | Түркістан облысы әкімдігі сайты
Қазақша Русский

ҚАРАҚОҢЫРДА ҚОС НЫСАН ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

Бүгін еліміздің Тәуелсіздік күні мерекесі қарсаңында Қарақоңыр ауыл округіне қарасты «Ақтам» елдімекенінде медициналық тіректің салтанатты түрде ашылу рәсімі болды. Халық денсаулығын нығайту, алғашқы медициналық көмекті дер кезінде көрсету мақсатында ашылған медициналық тіректі аудан әкімінің орынбасары Пердехан Жаппарқұлов ашып, құттықтау сөз сөйледі.

«Елбасымыздың сындарлы саясатының арқасында қоғамдағы өзекті деген түрлі мәселелер кезең-кезеңімен өз шешімін табуда. Басы ауырып, балтыры сыздаған ақтамдықтар үшін осы кезге дейін өзекті болып келген медициналық тірек ауыл тұрғындарына мереке қарсаңында пайдалануға беріліп отыр. Бұл тәуелсіз еліміздің ширек ғасыр уақытта қол жеткізген жетістіктерінің бірі десек те болады»,-деген Пердехан Абайұлы ауыл тұрғындарына аудан әкімі Ерлан Айтахановтың ыстық ықыласқа толы мерекелік құттықтауын жеткізді.

Сондай-ақ, ауданымыздың тіршілік көздерінің бірі ауыл шаруашылық саласы соның ішінде мал шаруашылығы екені белгілі. Ал, мал басының көбеюі мен түрлі жұқпалы аурулардың алдын алу үшін ветеринарлық орталықтардың маңызы зор. Аудан әкімінің орынбасары Ш.Қалдаяқов елдімекенінде жұмысын бастаған ветеринарлық пунктте болып, жұмысымен танысты.

Халық игілігі үшін жұмыс жасауға беріліп жатқан нысандарды ауыл тұрғындары «Тәуелсіздік мерекесіне тарту» деп қабылдап, игі істің ұйымдастырушыларына өз ризашылықтарын білдірді.

Back to Top