Қазақстан-2050 | Президент сайты | Үкімет сайты | Парламент сайты | Түркістан облысы әкімдігі сайты
Қазақша Русский

ЕЛ ТӘУЕЛСІЗДІГІНІҢ ЖЕМІСІ - АСТАНА

Бүгін ауданымызда елордамыз Астана қаласының 20 жылдық мерейлі жылының ашылуына орай мерекелік жиын өтті. Мерекелік шараға қатысушылар Астана қаласының 20 жылдық тарихынан сыр шертетін кітап көрмелері мен жергілікті қол өнер шеберлерінің туындыларын тамашалады.
Мұнан соң бас қаламызды жырға қосқан шарамен жалғасып, аудан әкімі Ерлан Айтаханов аудан тұрғындарын мерейлі жылдың ашылуымен шын жүректен құттықтады.
Құттықтау сөзінде «Ежелгі Сарыарқа жерінде тек астана емес, еліміздің болашақ бесігі өмірге келді. Астана тарихы мен қазақстандықтардың тағдыры бір-бірінен ажырағысыз. Біздің елордамыз Отанымыздың жүрегі, халықтың өз күшіне сенімі мен ұлы тағдыр-талайының символы болып табылады. Бүгінде Астанада, Қазақстанның барлық өңіріндегі сияқты, жүзден астам ұлт өкілдері өмір сүреді. Халықтар достығы, өзара түсіністік және ынтымақтастық - Астананы және жаңа Қазақстанды құрудың негізі» деген Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың сөзін келтірген аудан басшысы мерекеге деген ыстық лебізін білдірді.
Астана төрінде өткен «ЕХРО-2017» көрмесін аудан әкімдігінің демеушілігімен отырарлық оқушылар арнайы тамашалап қайтып, алған әсерлерін қағаз бетіне түсіріп, шығарма жазған болатын. Аталмыш байқауда жүлделі орыннан көрінген Арайлым Асан елдордамыздың 20 жылдығына арнаған жүрекжарды тілегін жеткізді.
Көрермендерге ерекше көңіл-күй сыйлаған мерекелік шара соңы концерттік бағдарлама мен ұлттық спорт түрлерінен өткен сайыстарға ұласты.

Back to Top