Қазақша Русский

ШІЛІКТЕГІ ЖӘРМЕҢКЕ

Бүгін ҚР тұңғыш Президенті күні мерекесіне орай Ақтөбе және Шілік ауыл округтері тұрғындарына арналған жәрмеңке өтті.
Күннің көзі жылт еткен Көктемнің алғашқы күнінен қимылдаған диқан қауымы күзге қарай алты айғы еңбектерінің жемістерін көруде. «Баптай білсең – жер жомарт» демекші бабын тапса әр істің де нәтижелі, берекелі болары сөзсіз.
Екі ауыл округінің диқандары мен шаруалары күзгі жиын терімнен соң жүгері мен бақша дақылдарынан мол табысқа кенеліп, тауық өнімдері мен бордақыланған мал еттерін жәрмеңкеге шығарды.
Мұнан бөлек сүт өнімдерінен жасалған тағамдар, сусындар және қауынқақ, тары-талқан, балықтың бірнеше түрі саудаға түсіп, тұтынушыларын тауып жатты. Атап өтерлігі жәрмеңкеде саудаланған тауарлар нарықтық бағадан 15-20 пайыз төмен бағамен сатылды. Осындай жәрмеңкелер бұған дейін аудан орталығы мен барлық ауыл округтерінде ұйымдастырылған болатын.
Жұртшылық көп жиналған жәрмеңкені аудан әкімі Ерлан Айтаханов аралап көріп, шаруаларға алғысын білдіріп, еңбектеріне табыс тіледі.
Жәрмеңке соңы концерттік бағдарламамен жалғасып, футбол, арқан тартыс, гір тасын көтеру ойындарына ұласты.

Back to Top