Қазақстан-2050 | Президент сайты | Үкімет сайты | Парламент сайты | Түркістан облысы әкімдігі сайты
Қазақша Русский

КЕЗЕКТІ АППАРАТ МӘЖІЛІСІ

Бүгін аудан әкімі Ерлан Айтахановтың төрағалығымен кезекті аппарат мәжілісі өтті.
Жиында күзгі көшет егу жұмыстарының барысы мен су тасқынын болдырмау және оның алдын алу жұмыстарының барысы туралы мәселелер қаралды.
Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Рашид Бекқұлы хабарлама жасады. Бөлім басшысының айтуынша 2017 жылдың көктем айларында 25704 ағаш көшеттері егілсе, күз айларында бүгінгі таңға дейін 50 130 көшет отырғызылған. Бұл аудан бойынша жоспарланған меженің 95%-ын құрап отыр.
Жиын барысында егілген көшеттердің санына емес оның қаншасы өнді соған мән беру керектігін айтқан аудан басшысы ауданның ауа райына шыдайтын, барынша төзімді көшеттерді егу керектігін айтып, нақты тапсырмалар жүктеді.
Мұнан соң Сырдария мен Арыс өзендері бойына жақын маңда орналасқан ауыл округтеріндегі су тасқынын болдырмау және оның алдын алу жұмыстарын пысықтап, дамбаларды талаптарға сай нығайту керектігін ауыл әкімдері мен тиісті сала башыларына ескертті

Back to Top