Қазақстан-2050 | Президент сайты | Үкімет сайты | Парламент сайты | Түркістан облысы әкімдігі сайты
Қазақша Русский

Отырар ауданы әкімдігінің «Темір ауыл округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесіне қарасты 140 орындық балабақшаны ашу үрдісін ұйымдастыру және сервистік қызмет көрсету» мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасына бастамашылық жасау туралы хабарлама

Отырар ауданы әкімдігінің «Темір ауыл округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесіне қарасты 140 орындық балабақшаны ашу үрдісін ұйымдастыру және сервистік қызмет көрсету» мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасына бастамашылық жасау туралы хабарлама (Қызығушылықтарды білдіру сұрау салуы)

Отырар ауданы әкімдігінің «Темір ауыл округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 31 қазандағы Заңының (бұдан әрі-Заң) 44 бабы 1-тармағының 1-тармақшасына сәйкес Отырар ауданы әкімдігінің «Темір ауыл округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесіне қарасты 140 орындық балабақшаны ашу үрдісін ұйымдастыру және сервистік қызмет көрсету» мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасына (бұдан әрі-Жоба) әлеуетті жекеше әріптеспен бастамашылық еткенін хабарлайды.

Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының негізгі техникалық-экономикалық өлшемдері және бюджеттен сұратылатын төлемдер (әлеуетті жекеше әріптес бастамашылық еткен тұжырымдамаға сәйкес): Темір ауылдық округі, Темір ауылында халық санының көбейуі мектепке дейінгі оқыту және тәрбиемен балалаларды қамтамасыз ету.

140 орындық балабақша ғимараты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 29 қаңтардағы «Еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi, жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiмi бар мамандарды даярлауға, сондай-ақ жоғары оқу орындарының дайындық бөлімдеріне, мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын орналастыру қағидаларын бекіту туралы» №122 бұйрығындағы көрсетілген талаптарға сай болуы тиіс.

Бюджеттен сұратылған төлемдер: операциялық шығындарды компенсациялау.

Әлеуетті жекеше әріптеске қойылатын біліктілік талаптары:

Әлеуетті жекеше әріптес Заңының 32-бабымен анықталған жалпы біліктілік талаптарына сәйкес болуы керек.

Жоспарланған МЖӘ жобасы бойынша іске асыруға мүдделі әлеуетті жекеше әріптестер осындай жобаны іске асыру мүмкіндіктері туралы баламалы ұсынысты өзі туралы негізгі ақпаратты көрсете отырып ұсынады, оның ішінде:

- Әлеуетті жекеше әріптестің атауын және мекенжайын;

- Заңды тұлғалардың басшылары немесе иелері және әлеуетті жекеше әріптеске өкілдік ететін тұлғалар туралы деректерді;

- Мемлекетке тиесілі (заңды тұлғалар үшін), азаматтығын (жеке тұлғалар үшін);

- Объектіге қатысты меншік немесе ұзақ мерзімге жалға алу құқығын әлеуетті жекеше әріптеске тиесілі құқықтарды растайтын құжаттарды;

- Әзірленген МЖӘ тұжырымдама жобасын.

Қызығушылық білдіру өтінішін ұсыну орны, күні және уақыты:

Осы жобаны жүзеге асыруға қызығушылық білдірген жағдайда, қызығушылық білдірген тұлғаға қажетті құжаттарды осы мекенжай бойынша ұсынуы керек: 2017 жылғы 13 желтоқсан кешіктірмей Қазақстан Республикасы, ОҚО, Отырар ауданы, Темір ауылы М.Әлиев көшесі №7 үй Отырар ауданы әкімдігінің «Темір ауыл округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі телефон: 8 (72544) 24-6-37

Back to Top