Қазақстан-2050 | Президент сайты | Үкімет сайты | Парламент сайты | Түркістан облысы әкімдігі сайты
Қазақша Русский

МАҢЫЗДЫ МӘСЕЛЕЛЕР СӨЗ БОЛДЫ

Бүгін аудан әкімі Ерлан Айтахановтың төрағалығымен кезекті аппарат жиыны өтті.
Жиында «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру аясында елді-мекендерде абаттандыру, көріктендіру, тұрғын үйлердің қасбеттерін және қоршауларын ретке келтіру жұмыстарының барысы туралы Маяқұм ауыл округінің әкімі Берікбай Иманов пен Шілік ауыл округі әкімі аппаратының бас маман іс-басқарушысы Берік Орынбасаров баяндама жасады.
Маяқұм ауылында «Жасыл аймақ» бағдарламасы бойынша арнайы бөлінген жерге 3316 түп қара тал, жиде, терек көшеттері егілген. Елді мекендердегі көшелер асфальтталып, аяқжолдарға жарықшамдар орнатылған. Бүгінде ел игілі үшін жасалған бағдарламалардың жемісін көріп жатқан ауыл тұрғындары Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың саясатын бірауыздан қолдап, оны жергілікті жерде іске асыруға күш салуда.
Аудан басшысы ауыл округтерінде біршама жұмыстар жүріп жатқанын, әйтсе де, әлі атқарылар шаруалар көп екенін айтып, Маяқұм ауылындағы Әбу-Насыр әл-Фараби бабамыздың туған жері «Оқсыз төбе» қалашығына туристердің келіп кетуіне жағдай жасау мақсатында атқарылар жұмыстарды да естен шығармауды тапсырды.
Мұнан соң «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру аясында Отырар ауданы бойынша көркейту, көгалдандыру және санитарлық тазалық жұмыстарының барысы туралы аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Рашид Бекқұлы баяндаса, құрылыс жұмыстары туралы Отырар аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылыс бөлімінің басшысы Мұрат Есімбек сөз етті.
Аудан басшысы жиынды қорытындылай келе көтерілген мәселелердің маңыздылығын айтып, егілген көшеттерді күтіп-баптап, қарау керектігін ескертті. Сондай-ақ, биыл Арыс өзені жағасын абаттандыру жұмыстары жүріп жатыр. Осы жұмыстар арыны қатты өзен жағасында орналасқандығын ескере отырып, өзен деңгейінен биік болуын естен шығармау керектігін, оны тиісті сала мамандарының көмегімен арнайы құралдар арқылы белгілеу керектігін жауапты бөлім басшысына жүктеді.

Back to Top