Қазақстан-2050 | Президент сайты | Үкімет сайты | Парламент сайты | Түркістан облысы әкімдігі сайты
Қазақша Русский

ЗЕЙНЕТАҚЫ ЖҮЙЕСІНІҢ ЖАҢҒЫРУЫ

Бүгін ауданымызға облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламар басқармасының басшысы Мұхит Отаршиев бастаған жұмысшы топ арнайы келіп, тұрғындармен кездесу жиынын өткізді. Жиынды аудан әкімінің орынбасары Пердехан Жаппарқұлов ашып, жүргізіп отырды.
Кездесуде жұмысшы топ зейнетақы жүйесінің жаңғыруы, 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетін төлемдер мен электрондық қызметтері және атаулы әлеуметтік көмектің жаңа форматын енгізу бойынша кеңінен сөз етіп, түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Сайрам аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің әлеуметтік көмек секторының меңгерушісі Ақмарал Жолаева мен ҚР Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің ОҚО бойынша департамент басшысының орынбасары Сабыржан Дадамедов және «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ-ның бөлім бастығы Әбдімұрат Исабаевтар баяндама жасады. Баяндамашылар «Қазіргі уақытта базалық зейнетақы зейнет жасына жеткендерге бәріне бірдей еңбек өтілін және зейнетақы жинағын қалыптастыруға қатысуды ескерусіз тағайындалады. Келесі жылдан базалық зейнетақы жүйеге қатысу өтіліне қарай берілетіні көзделуде. Осы орайда 1998 жылдан кейінгі жинақтаушы зейнетақы жүйесіне зейнетақы жарналарының түсу аралығы ғана есептілініп қоймай, 1998 жылға дейінгі де еңбек өтілі назарға алынатыны болжануда», – деп, зейнетақы жүйесіндегі өзгерістерге тоқталды.
Маңызы айрықша жиында аудан тұрғындары тарапынан қойылған сауалдарға насихаттық топ мүшелері тұшымды жауаптар беріп, жан-жақты талдап көрсетті.
Жиын соңын аудан әкімінің орынбасары Пердехан Абайұлы қорытындылап, ауданымызға арнайы ат басын бұрған топ мүшелеріне алғысын жеткізді.

Back to Top