Қазақстан-2050 | Президент сайты | Үкімет сайты | Парламент сайты | Түркістан облысы әкімдігі сайты
Қазақша Русский

КЕҢЕСТІҢ КЕЗЕКТІ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Бүгін ауданымызда қоғамдық кеңестің кезекті отырысы болып, онда күн тәртібіне үш ауыл округі әкімдерінің 2017 жылдың 10 айында атқарған жұмыстарының есептері тыңдалды.
Кеңес отырысында Темір ауыл округінің әкімі Жандос Қуатбеков, Қарақоңыр ауыл округінің әкімі Сәкен Айсеитов және Отырар ауыл округінің әкімі Дінмұхамед Үсетов арнайы баяндама жасап, он айдағы атқарылған оңды істерге тоқталды.
Ауыл округі әкімдері өз баяндамаларында ауылдардағы егіс көлемі мен мал басы санының, бюджеттік түсімдердің артып отырғандығын, өткен жылдарға қарағанда ауылдағы қылмыс деңгейінің біршама төмендегендігін тілге тиек етті. Баяндамашылардың сөзіне құлақ түрсек, ұсақ шаруашылықтарды кооперативтерге біріктіріп, ірілендіру мақсатында жүйелі жүргізілген жұмыстар да өз нәтижесін бере бастаған. Бүгінгі таңда, Қарақоңыр ауыл округінде 3, Отырар ауыл округінде 2 ауыл шаруашылық өндірістік кооперативтері құрылып, мемлекет тарапынан берілетін түрлі жеңілдіктерге қол жеткізіп отыр. Сонымен қатар, қарақоңырлықтар «Сыбаға» бағдарламасын 243 басқа артығымен орындаса, ал, отырарлықтар аталмыш бағдарламаны 276 басқа және «Алтын асық» бағдарламасын екі есеге артығымен орындаған. Осындай нәтижелі жұмыстардың арқасында жуырда облыс орталығында өткен «AGROFEST-2017» ауыл шаруашылығы фестивалінде аудан шаруалары «Сыбаға», «Алтын асық», «Құлан» бағдарламалары бойынша бірінші орын алып, озат атанған болатын. Атқарылған жұмыстардың аз еместігін, алға қойған жоспарлы міндеттерді орындаудың маңыздылғын атап өткен ауыл округі әкімдері кеңес мүшелерінің сауалдарына нақты жауаптар қайырды.
Сондай-ақ, кеңес отырысында аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Эльмира Бейсенова «Отырар ауданының 2018-2020 жылдарға арналған аудан бюджетін бекіту туралы» аудандық мәслихаттың шешім жобасын ұсынып, таныстырды.
Жиын соңында кеңес мүшелері ауыл округтері әкімдерінің жұмыстарына қанағаттанатындығын жеткізіп, оң бағаларын берді.

Back to Top