Қазақстан-2050 | Президент сайты | Үкімет сайты | Парламент сайты | Түркістан облысы әкімдігі сайты
Қазақша Русский

ЖЕҢІМПАЗ КОМАНДАЛАР МАРАПАТТАЛДЫ

Кеше ауданымыздағы «Жетімқыр» атшабарында Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында айтылған міндеттерді жүзеге асыру мақсатында командалық көкпардан Отырар ауданы әкімінің жүлдесіне арналған облыстық турнир өткен болатын. Ата-бабамыздан мирас болып келе жатқан ұлттық спортымыз көкпар ойынының командалық сайысы ауданымызда тұңғыш өткізіліп жатқандықтан шараға қызығушылық танытқандар көп болды.

Бүгін осы аталмыш сайыстың жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті. Шараға арнайы қатысқан аудан әкімі Ерлан Айтаханов қазақтың ұлттық ойындарын дамыту, ұлттық ат спорты ойындары арқылы спортшылардың шеберлігін көтеру басты мақсатымыз екендігін айтып, сайысқа қатысқан командаларға алғысын жеткізді.

Мұнан соң аудан басшысы жеңімпаз командаларды марапаттап, қаржылай сыйлықтар мен арнайы кубоктарды табыстады. Республикалық деңгейде өнер көрсетіп жүрген «Қазығұрт» командасы аудан әкімінің жүлдесін жеңіп алып, қаржылай үш жүз мың теңгенің сертификатына ие болды.

Марапаттау рәсімінің соңы жаппай көкпар ойындарына ұласып, білекті де жүректі шабандоздардың сайысы одан әрі жалғасын тапты.

Back to Top