Қазақстан-2050 | Президент сайты | Үкімет сайты | Парламент сайты | Түркістан облысы әкімдігі сайты
Қазақша Русский

ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК МӘСЕЛЕ

Бүгін Көксарай ауылында аудан әкімі Ерлан Айтахановтың және ауданымызда орналасқан «Заречное» бірлескен кәсіпорны басшыларының қатысуымен қоғамдық тыңдау өтті. Қоғамдық тыңдауда осы кәсіпорынның жұмысы, қоршаған ортаға тигізер әсері жөнінде осы мекеменің «Қоршаған ортаны қорғау және радиациялық қауіпсіздігі» бойынша инженері М.Әлиханов баяндама жасады. Сондай-ақ, экологиялық таза, өндірістік қалдығы аз жаңа технологиялық әдістермен таныстырды.
Ал, аудан тұрғындарына әлеуметтік көмек көрсету жөнінде басқарма басшысы О.Нұралиев хабарлама жасады.
Баяндамашыларды мұқият тыңдаған қатысушылар өздерін толғандырған көптеген сауалдар қойып, толыққанды жауаптарын алды.
Жиын барысында аудан басшысы Ерлан Қуанышұлы «Заречное» кәсіпорнының болашақта Көксарай және Темір ауылдарына аса қажетті әлеуметтік нысандарды салуда көмек көрсетулерін, жұмысқа жергілікті жастарды көбірек тарту мәселесін, қажет болған жағдайда жастарды өз есептерінен оқытуды қамтамасыз етулерін ұсынды.

Back to Top