Қазақстан-2050 | Президент сайты | Үкімет сайты | Парламент сайты | Түркістан облысы әкімдігі сайты
Қазақша Русский

ЖАҚСЫЛАР, ДАСТАН АЙТАЙЫН!

Облыс орталығы Шымкент қаласында Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында жүктелген міндеттерді жүзеге асыру мақсатында ұйымдастырылған «Жақсылар, дастан айтайын» атты мектеп оқушыларының арасында «Қамбар батыр» жырын жатқа айтудан 6-11 сынып оқушылары арасында облыстық жас жыршылар байқауы өтті.
Бұл байқауға облысымыздағы аудан, қалалалардан 48 үміткер қатысып, бақтарын сынаған болатын. Осы дүбірлі аламанға Отырар ауданының жастары да ат қосты. Жастарды елдікке, ерлікке, отансүйгіштікке баулитын осы бір іс-шара өте жоғары деңгейде ұйымдастырылып, өткізілді.
Аталмыш додада ауданымыздағы Көксарай ауыл округіне қарасты М.Әуезов атындағы мектептің 10 сынып оқушысы Олжас Бакира І орынды иеленіп, 100 000 теңгені қанжығасына байласа, Олжасты дүбірлі додаға дайындаған ұстазы Айнұр Әлшеріге бағалы ЛЭД-экранды теледидар табыстады.
Сондай-ақ, аудан орталығындағы Ө.Жәнібеков атындағы лицей-интернаттың 11 сынып оқушысы Нұрила Әли жүлделі ІІІ орыннан көрінді. Жүлдегер мен ұстазы Рәзия Әбдіразаққызына «БАЛТЕКСТИЛ» ЖШС-нің ұлттық өрнекте бедерленген кілемдерімен марапатталды.
Жас ұрпақты кітап, оның ішінде қазақтың халық ауыз әдебиеті, лиро-эпостық және батырлар жырларын оқып, жаттап, бойға сіңіру жолында ұлағатты ұстаздардың еңбегі орасан. Біз осындай ұстаздарды әрдайым құрметтеп, олардың еңбегін ескеріп, үлгі тұтуымыз керек.
Отырардың даңқын көтеріп, рухани құндылықтарды насихаттап жүрген жас өрендерінің жүлделі жеңістері құтты болсын!

Back to Top