Қазақстан-2050 | Президент сайты | Үкімет сайты | Парламент сайты | Түркістан облысы әкімдігі сайты
Қазақша Русский

ТАПСЫРМАЛАР ОРЫНДАЛУЫМЕН ҚҰНДЫ

Бүгін облыс әкімі Жансейіт Түймебаевтың төрағалығымен аудан, қала әкімдерімен және облыстық басқарма басшыларының қатысуымен видеоселекторлық мәжіліс өтті. Мәжілістің күн тәртібінде ОҚО бойынша «Серпін» жобасын іске асыру аясында, ОҚО-ның 2017 жылғы 8 айындағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы, ОҚО-ның 2017 жылға арналған бюджетінің 9 айдың қорытындысы мен орындалу барысы қаралды. Жиын барысында күн тәртібіндегі мәселелер жан-жақты талқыланып, әрбір мәселе бойынша сала жетекшілеріне тапсырмалар жүктелді.
Отырар ауданында 2017 жылдың 8 айының қорытындысымен кәсіпорындар мен халықтың өз қаржысы есебінен негізгі капиталға бағытталған инвестиция көлемі 4 млрд. теңгені құрап, 2,5 есеге артқан.
Жыл басында егіс егу көлемі 25 мың гектарға жоспарланса, 28 мың гектарды құрап, өткен жылмен салыстырғанда игерілген егістік көлемі 3 мың гектарға өсіп отыр.
Елдімекендерді абаттандыру мәселесін айта келе, аудан басшысы немістердің ісіне тамсануды қойып, дәл солар сияқты жұмыс істеуге шақырды. Аталған жұмыстарды күздің жауын-шашынын күтпей қысқа мерзімде аяқтау үшін тұрғындармен түсіндіру жұмыстарын жүргізуде көше белсенділерін тартуды ауыл округі әкімдері мен сала басшыларына тапсырды.
«Қыстың қамын жаз ойла» - дегендей қыс маусымын өткізуді осы бастан ойлануымыз керек. Аудандағы әлеуметтік нысандар, көпқабатты үйлер мен жеке сектордың көмірмен қамтамасыз етуін тез арада шешуіміз керек - деп атап өтті аудан басшысы.
Мұнан бөлек аудан әкімі Ерлан Айтаханов ауыл округтерінің әкімдеріне жыл сайын пайда болатын шыбын шіркейлер мен «Лейшманиоз» ауруының таралу аймақтарын залалсыздандыру жұмыстарын жіті бақылауда ұстап, тіпті керек болса тиісті басқарма басшыларымен тығыз қарым-қатынас жасап, олардың алдын алу жұмыстары жүйелі атқарылуы керектігін ескертті.

Back to Top