Қазақстан-2050 | Президент сайты | Үкімет сайты | Парламент сайты | Түркістан облысы әкімдігі сайты
Қазақша Русский

«ТАРЫДАЙ БОЛЫП КІРЕСІҢ ...»

Бүгін елімізде «Білім күні» мерекесі. Бұл мейрамның әрбір адам өмірінде алар орны ерекше. Әсіресе, мектеп табалдырығын тұңғыш аттайтын балалардың жүрегінде бүгінгі күн мәңгіге сақталады. Бүлдіршіндер үшін бұл сәулелі сәт қана емес, сонымен қатар жарқын болашағына жасайтын маңызды қадам да. Мемлекеттік гимннің авторының бірі композитор Ш.Қалдаяқовтың есімі иеленген мектеп – гимназиясында «Алғашқы қоңырау» салтанатты жиыны ерекше өтті. Жиын ашық деп жарияланған соң Қазақстан Республикасының Әнұраны шырқалды. Ерекше жігермен орындалған Әнұраннан соң құттықтау сөз кезегі аудан әкімі Ерлан Айтахановқа ұсынылды. - «Бәсекеге қабілетті дамыған ел болу үшін, біз жоғары білімді ұлт болуымыз қажет» деп Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев атап өткен болатын. Ұлттың бәсекеге қабілетті болуы білімге байланысты. Ал, білім негізі – мектепте екендігі белгілі. Өткен оқу жылының қорытындысы бойынша 31 түлек «Алтын белгі» иегері атанып, ауданымыз облыс бойынша алдыңғы үштіктен көрінді. Бұл көрсеткіш білім саласында біршама жүйелі жұмыстар атқарылғандығын аңғартады. Бүгінгі мереке күні шәкірттерді, ұстаздарды, ата-аналарды, әсіресе мектеп табалдырығын тұңғыш рет аттап отырған бүлдіршіндерді шын жүректен құттықтаймын! Жаңа оқу жылы баршаңызды жаңа жетістіктерге жетелесін! - деді аудан басшысы.
Мұнан соң 1 сынып оқушыларына Еліміздің Президенті Н.Ә.Назазарбаевтың «Менің Отаным – Қазақстан» атты сыйлық кітаптарын аудан әкімі Ерлан Қуанышұлы мен ардагер ұстаздар тапсырды. Алғашқы қоңырау соғылып, жиын мектеп өнерпаздарының концерттік бағдарламасына ұласты.

Back to Top