Қазақстан-2050 | Президент сайты | Үкімет сайты | Парламент сайты | Түркістан облысы әкімдігі сайты
Қазақша Русский

ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖАҢҒЫРУЫ 3.0 – БІЛІМНІҢ ҮЛЕСІ

Бүгін ауданымызда білім саласы қызметкерлерінің дәстүрлі аудандық педагогикалық тамыз кеңесі өтті. Аудандағы мектеп ұжымдарының жаңа оқу жылына әзірлеген арнайы көрме қатарларын қонақтармен бірге аудан әкімі Ерлан Айтахановта аралады. Келелі кеңесті аудан әкімінің орынбасары Рыскелді Әліш ашып, жүргізіп отырды. Жиында арнайы баяндама жасаған аудандық білім бөлімінің басшысы Жанат Мұсатаева өткен оқу жылын қорытындылап, жаңа оқу жылында атқарылатын міндеттерді жан-жақты сөз етіп, әріптестерін білім күнімен құттықтады. Сондай-ақ, кеңесте сөз алған облыстық білім басқармасының өкілі Гүлнұр Әбілқасова, Қ.Сәтбаев атындағы мектептің директоры Жанат Тілеужан, С.Әшіров атындағы мектептің ұстазы Айткүл Байболаева және Темір орта мектебінің мұғалімі Нұрсейіт Әмзелер аудан педагогтарын жаңа оқу жылының басталуымен шын жүректен құттықтап, биылғы оқу жылында да аянбай еңбек етіп, жоғарғы жетістіктерге жетуге шақырды. Жиынды қорытындылаған аудан басшысы Ерлан Қуанышұлы өз сөзін Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында атап өткен «білімді, көзі ашық, көкірегі ояу болуға ұмтылу – біздің қанымызда бар қасиет. Біз бүгінгі жаңа атаулы ертең-ақ ескіге айналатын, жүрісі жылдам дәуірге аяқ бастық. Бұл жағдайда кәсібін неғұрлым қиналмай, жеңіл өзгертуге қабілетті, аса білімдар адамдар ғана табысқа жетеді», - деген сөзін айта келе өткен оқу жылының қорытындысы бойынша 31 түлектің «Алтын белгі» иегері атанып, ауданымыз облыс бойынша алдыңғы үштіктен ойып тұрып орын алуы ауданымыздың білім саласында біршама жүйелі жұмыстар атқарылғандығын аңғартады. Десекте бұл жетістіктерге тоқмейілсімей Фарабилердің отаны деген сөзге лайықты жұмыс жасауды баса айтып, ұстаздар қауымын жаңа оқу жылының басталуымен шын жүректен құттықтап, ізгі тілегін білдірді.

Back to Top