Қазақша Русский

АУДАН ӨНЕРПАЗДАРЫ ШЫМКЕНТ АСПАНЫН ӘНГЕ БӨЛЕДІ

Бүгін Шымкент қаласында облыс әкімі Жансейіт Қансейітұлы Түймебаевтың қатысуымен 30 тамыз – ҚР Конституциясы күніне орай «Айбары асқақ-Ата Заң» атты мерекелік салтанатты жиын болып өтті.
Салтанатты мәдени шарада облыс әкімі оңтүстікқазақстандықтарды мерейлі мерекемен құттықтап, еліміздің өркендеуіне өз үлесін қосып жүрген азаматтарды Алғыс хатпен марапаттады.
Осы тұста ерекше тоқтала кететін жайт, облыс өнерпаздарының арнайы дайындаған концерттік бағдарламасында Отырар ауданының өнерпаздары Ерлан Смайлов, Қарақат Бейсенбиева, Нұрсұлтан Жақсылық, Айдана Әсілхандар «Экспоға кел» әнін шырқаса, 20 отырарлық биші бойжеткендер мың бұрала билеп, сахнаның сәнін кіргізді.

Back to Top