Қазақстан-2050 | Президент сайты | Үкімет сайты | Парламент сайты | Түркістан облысы әкімдігі сайты
Қазақша Русский

АУДАНЫМЫЗДА ОБЛЫСТЫҚ КЕШЕНДІ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ БАСТАЛДЫ

Облыс әкімі Жансейіт Қансейітұлы Түймебаевтың ағымдағы жылдың «Оңтүстік Қазақстан облысының 2017-2019 жылдарға арналған негізгі іс-шаралар және азаматтық қорғау органдары мен күштерін даярлыққа келтіру туралы жоспарына» сәйкес ауданымызда тамыз айының 22-25 күндері кешенді оқу-жаттығуды өткізу жоспарланған. Аталған жоспарға сәйкес бүгін ауданымызда кешенді оқу – жаттығудың практикалық іс-шарасы бастау алды. Жиынды аудан әкімі Ерлан Айтаханов ашып, жүргізіп отырды.
Оқу-жаттығу шарасында сөз алған ОҚО Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары, полковник Батырғали Сопбеков жиынға қатысушыларға аудандағы кешенді оқу-жаттығу бойынша ұйымдастырушылық шаралары мен практикалық түрде көрсетілетінін іс-шаралардың дайындығы туралы баяндама жасады. Сондай-ақ, кешенді оқу-жаттығу профилактикалық іс-шарасының өту барысын бақылайтын облыстан келген мамандарды көпшілікке таныстырды.
Жиынды қорытындылаған аудан әкімі Ерлан Қуанышұлы 3 күнге созылатын оқу-жаттығудың маңыздылығына кеңінен тоқталып, бұл баршамызға ортақ мәселе екенін, мұндай іс-шараларда бірігіп қоян-қолтық жұмыс жасау керектігін атап өтті. Ауданымызға көктемгі су тасқынынан қауіп төнгенде алдын-алу жұмыстарын жасап, қолдан келген көмектерін аямай ерекше атсалысқан төтенше жағдай қызметкерлеріне отырарлықтар атынан алғысын жеткізді.
«Апат айтып келмейді» демекші кез-келген төтенше оқиғалардың, түрлі апаттардың алдын алу үшін мұндай кешенді оқу- жаттығу шараларының маңызы зор.

Back to Top