Қазақстан-2050 | Президент сайты | Үкімет сайты | Парламент сайты | Түркістан облысы әкімдігі сайты
Қазақша Русский

Электронды үкімет және электронды қызметтер туралы

Электронды үкімет дегеніміз - мемлекеттік басқарудың ел көлеміндегі басқару үдерістерінің барлық жиынтығын автоматтандыруға негізделген және мемлекеттік басқару тиімділігін айтарлықтай көтеру мен қоғамның әрбір мүшесіне әлеуметтік коммуникация шығындарын төмендету мақсатына қызмет ететін электронды жүйе.

Электронды үкімет - ақпараттық технологиялар көмегімен ішінара келісушілікті қамтамасыз ететін, мемлекет пен азаматтар арасындағы, сондай-ақ, мемлекеттік органдардың өзара әрекеттестігінің бірыңғай механизмі. Мемлекеттік органдарға кезекті қысқартып, анықтама, куәлік, рұқсат құжаттарын және тағы басқаларын алуды жеңілдетуге әрі жылдамдатуға мүмкіндік береді.

Электронды үкімет деп - лицензияны рәсімдеу үшін ЖСН ғана керек болатын (басқа ақпараттың бәрі дағдылы сұранымдар арқылы алынады), коммуналдық қызмет ақылары мен айыппұлдарды онлайн жүйесінде төлеуге болатын, анықтама алу үшін Халыққа қызмет көрсету орталығы жеке куәлік қана талап етілетін, бизнесіңізді өз бетіңізше тіркеуге, немесе электронды үкімет порталында небәрі 10-15 минут ішінде анықтама алуға, кез келген уақытта баланың балабақшаға кезегін көруге, мекен жай анықтамасын ұялы телефонға алдыртуға болатын және осы секілді басқа да көптеген жағдайларды айтамыз. Порталда экономика, білім, мәдениет, еңбек, денсаулық, спорт, туризм және адам өмірі қызметінің өзге де салалары бойынша бірнеше мәтіндік бөлімде екі мыңнан астам ақпараттық қызмет көрсетіледі. «Білім» бөлімінен білім заңнамасы, елдегі алдыңғы қатарлы оқу орындары, Ұлттық бірыңғай тестілеу нәтижелерін және қазақстандық ЖОО Интернет-ресурстарына арналған пайдалы сілтемелерді, білім беру бағдарламаларын және мемлекеттік органдар туралы толық ақпарат таба аласыз. Алайда портал тек ақпараттық ресурс қана емес, оның пайдаланушыларына мемлекеттік органдардың әр түрлі электрондық қызметтері ұсынылады. Қазірдің өзінде ұзақ кезекте тұрып, уақытты босқа өткізбей-ақ мемлекеттік анықтамалар алуға болады – көп нәрсені өз компьютеріңіздің алдында отырып бітіруге болады. Бүгінгі күні «электрондық үкімет» порталында әділет, білім, ішкі істер, ауыл шаруашылығы, еңбек және әлеуметтік қорғау министрліктері, сонымен қатар Жоғарғы сот пен мемлекеттік кірістер комитетінің қызметтері көрсетіледі.

Электрондық үкімет шлюзі - электрондық қызметтерді іске асыру шеңберінде «электрондық үкімет» ақпараттық жүйелерін ықпалдастыру үшін арналған ақпараттық жүйесі;

«Электрондық үкімет» төлем шлюзі - жеке және заңды тұлғалардың төлемдерін жүзеге асыруда «электрондық үкімет» пен екінші деңгейдегі банктер, жеке банктік операциялардың түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар, ақпараттық жүйелерінің арасындағы өзара іс-қимылдарды қамтамасыз ету үшін арналған автоматтандырылған ақпараттық жүйесі;

Қазақстан Республикасының ұлттық куәландыру орталығы - Қазақстан Республикасының «электрондық үкімет» қатысушыларына қызмет көрсететін куәландыру орталығы;

Интернет-эквайринг - Интернет желісінде орындалатын операциялар бойынша тауарлар мен қызметтерге төлем ақысы ретінде төлем карталарын қабылдауға мүмкіндік беретін электрондық коммерцияның құрамы сияқты банк-эквайер қызметі;

Инфокиоск – халықтың әртүрлі қызметтерге өзіндік (ұйымның қызмет етуші қызметкерлерінің қатысуынсыз) төлеуіне мүмкіндік беретін ақшалай төлем ақысының терминалы;

«Электрондық үкімет» төлем шлюзінің операторы - «электрондық үкімет» төлем шлюзі жұмыс істеуінің қамтамасыз етуін жүзеге асыратын ұйым; Төлем карточкасы - мұндай карточка иесіне төлемдер, ақшалай ақша алу, валюта айырбастау және төлем карточкасының эмитентімен және оның шарттарымен анықталған басқа да операцияларды жүргізуге мүмкіндік беретін ақпараты бар электрондық терминалдар немесе басқа құрылғылар арқылы ақша алу тәсілі;

Транзакциялық сервистерді пайдаланушы - электрондық үкімет Порталында тіркелген Қазақстан Республикасының жеке немесе заңды тұлғалары;

Транзакциялық қызметтер - пайдаланушыларға ақпаратпен өзара алмасу, төлемдерді жүргізу және ЭЦҚ пайдаланумен басқа әрекеттерді талап ететін электрондық ақпараттық ресурстарды ұсыну қызметтері;

Төлемнің бірегей коды - төлем операциясының бірегей сәйкестендіргіші;

Транзакциялық сервистерге қатысушылар - мемлекеттік органдар, ақпараттандыру саласындағы Ұлттық оператор, ЭҮТШ операторы, ЕДБ, олардың өзара іс-қимылы азаматтар мен ұйымдарға электрондық қызметтерді ұсыну үдерісінде транзакциялық сервистердің жүзеге асуын қамтамасыз етеді; Электрондық мемлекеттік қызметтер - ақпараттық технологияларды пайдаланумен электрондық түрде көрсетілетін мемлекеттік қызметтер;

Электрондық цифрлық қолтаңба - электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың дұрыстығын, оның тиесілілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық нышандар терімі;

Электрондық үкімет - электрондық қызметтерді беру жөніндегі мемлекеттік органдардың жұмыс істеу тетігі;

Аудан әкімі аппараты ақпараттық қауіпсіздік

және мемлекеттік қызмет көрсету бөлімінің бас инспекторы М.Айдарқұлов

Back to Top