Қазақстан-2050 | Президент сайты | Үкімет сайты | Парламент сайты | Түркістан облысы әкімдігі сайты
Қазақша Русский

Электронды үкімет уақытты үнемдейді

Электрондық үкімет дегеніміз - бұл ақпараттық-коммуникативтік технологияларды қолданумен мемлекеттік органдар, халық және бизнестік іс-қимыл жүйесі болып табылатын уақытты тиімді пайдалануға, кезекті қысқартуға үйде отырып-ақ бір жола жұмысыңды бітіріп, кабинеттік стильді жойып, жемқорлыққа жол бермеуге арналған үлкен жоба. Бұл жоба елімізде тиімді жүзеге асып жатыр.

«Қазақстан Республикасының Электрондық Үкіметі» веп-порталы (бұдан әрі-ПОРТАЛ) мемлекеттік қызмет көрсету тұжырымдамасын іске асырудың тәжірибе жүзінде механизмі болып табылады. «Электрондық үкімет» порталы - Қазақстан азаматтарының және республика қонақтарының Қазақстан туралы, оның үкіметі, заңнамасы, ұлттық назар аударарлық орындары туралы ресми ақпарат ала алатын, сонымен қатар онлайн режимде мемлекеттік органдар қызметіне ие болып және айыппұл төлеуге мүмкіндік беретін бірыңғай ресурс екені белгілі.

Д.Құлымбетов, Талапты ауыл округі әкімі аппаратының бас маман-іс басқарушы

Back to Top