Қазақстан-2050 | Президент сайты | Үкімет сайты | Парламент сайты | Түркістан облысы әкімдігі сайты
Қазақша Русский

Хабарландыру

Хабарландыру

Құрметті аудан тұрғындары!!!

«Электронды үкімет» www.e-gov.kz веб-порталы арқылы бірқатар мемлекеттік қызметтерді алу мүмкіндігінің барын жеткіземіз. Электронды қызметті пайдалану дегеніміз не? Бұл ауданның әрбір тұрғынына, ешқайда шықпай, өз үйінде отырып-ақ, өзіне қажетті мемлекеттік қызмет түрін интернет арқылы алу мүмкіндігінің болуы. Демек, мұндай жағдайда, ол тұрғынға мемлекеттік мекемеге, халыққа қызмет көрсету орталығына барудың қажеттілігі болмайды.

Ол үшін Сізге

Ең алдымен электронды цифрлы қолтаңбаңыз болу қажет, оны алуға Сізге ауыл округі әкімінің қызметкерлері көмектеседі. Немесе өзіңіз www.e-gov.kz порталына кіріп, ондағы «ЭЦҚ алу» дегенді таңдап, көрсетілген шарттарымен танысып, қажет деректерді толтырып, тапсырыс бересіз. Бұдан соң экранға сіздің атыңызға толтырылған ЭЦҚ алу жөнінде өтініш шығады, оны жеке куәлігіңізбен бірге халыққа қызмет көрсету орталығына апарасыз, барлық шарттарды орындаған соң, сіздің көрсеткен e-mail мекен-жайыңызға (электронды пошта) ЭЦҚ сертификатыңыз автоматты түрде түсетін болады. Осы қолтаңбамен сіз кез-келген уақытта интернетке кіріп, «Электронды үкімет» www.e-gov.kz порталынан өзіңізге қажет деген мемлекеттік қызмет түрлерін, одан басқа да пайдалы ақпараттар ала алатын боласыз.

Отырар ауданы әкімдігі

Back to Top