Қазақстан-2050 | Президент сайты | Үкімет сайты | Парламент сайты | Түркістан облысы әкімдігі сайты
Қазақша Русский

КӨРМЕНІ КӨРГЕН ДҰРЫС

Өйткені, отырарлықтар ұсынған көрмелерден өзіңізді қызықтыратын барлық саладан экспонаттар қойылған. Көптеген сурет көрмелерінде топ жарып жүрген суретші Әділхан Мәліктің түрлі жанрды қамтитын сурет көрмесі ұзындығы 25 метрді қамтыды.
Елдің туын тіктеген Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың өмір жолын баяндайтын, ел ордамыз – Астана қаласының келбеті, ұлысымыздың ұйытқысы болған Оңтүстік өлкесі мен ұлылар елі Отырар ауданының тарихынан сыр шертетін кітаптар көрмесі қойылған. Шымкенттіктер мен қала қонақтары ұзындығы 10 метрден асатын кітап көрмесінде өздеріне қызықты кітаптармен танысты.
Тамыры терең тарихпен үндескен Отырардың өткені мен бүгіні де көрме қатарынан орын алып, мұражай ұжымы «Экспо-2017», «Түркістан 2017 жыл – түркі мемлекеттерінің мәдени астанасы», «Отырар – Қазақ өркениетінің алтын діңгегі» атты тақырыптарға бөліп ұсынды.
Көне Отырар тарихынан сыр шертер ҮІІІ-ХҮІ ғғ аралығын қамтитын керамикалық жәдігерлермен қатар, жас құмырашы Жанұзақ Ерімбетовтің өзі жасаған қолөнер бұйымдары қойылды. Сондай-ақ, көпшілікті тәнті еткен құмырашы Жанұзақ көрермендерге шеберлік сабағын көрсетті.

Back to Top