Қазақстан-2050 | Президент сайты | Үкімет сайты | Парламент сайты | Түркістан облысы әкімдігі сайты
Қазақша Русский

ӘДЕП КОДЕКСІНІҢ ТАЛАПТАРЫ ТҮСІНДІРІЛДІ

Бүгін ауданымызда жергілікті мемлекеттік қызметшілер мен мәслихат депутаттарының қатысуымен облыс әкімінің әдеп жөніндегі уәкілі Әмірдин Әлішов кездесу жиынын өткізді.
Аудан әкімі Ерлан Айтахановтың төрағалығымен өткен жиында Әмірдин Мұхидденұлы баяндама жасады. Әдеп кодексінің талаптарына жан-жақты тоқталып, түсіндірме жұмыстарын жүргізген баяндамашы мемлекеттік қызметшілер тарапынан қойылған сауалдарға тұщымды жауаптар қайырды. Сондай-ақ, жергілікті атқарушы оргындардағы моральдық-психологиялық ахуалдың дұрыс көрсетілу жайы да сөз болды.
Жиынды қорытындылаған аудан басшысы отырарлықтардың және өз атынан облыс әкімінің кеңесшісі - жергілікті атқарушы органдардағы Әдеп жөніндегі уәкіліне алғысын білдіріп, алдағы жұмыстарына сәттілік тіледі.

Back to Top